https://sputnik.kz/20231228/biylgy-11-ayda-ekonomika-49-protsentke-osti--smayylov-41275707.html
Биылғы 11 айда экономика 4,9 процентке өсті – Смайылов
Биылғы 11 айда экономика 4,9 процентке өсті – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Премьер-министрдің айтуынша, биылғы басты сын-қатерлердің бірі инфляция болды 28.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-28T19:31+0500
2023-12-28T19:31+0500
2023-12-28T19:31+0500
экономика
әлихан смайылов
инфляция
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_0:0:1620:911_1920x0_80_0_0_37ac53acbfa6bad11a5537bc463832e6.jpg
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Биылғы жылдың 11 айында Қазақстан экономикасы 4,9 процентке өсті. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов "24KZ" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика қалыптасып отыр. Мәселен, құрылыста өсім 13%, саудада – 11%, байланыс секторында – 8%."Экономикалық өсудің негізгі драйвері инвестициялар болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, 15 трлн теңгені құрады", — деп атап өтті премьер-министр.Ол президент үкімет алдына инфляция деңгейін екі есеге төмендету міндетін қойғанын еске салды."Ол үшін үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, жедел және орта мерзімді іс-шараларды жүзеге асырды. Осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9,8% маңайында болады деп күтілуде. Бұл – инфляция екі есе төмендейді деген сөз", - деді үкімет басшысы.Әлихан Смайылов үкімет келесі жылы инфляция деңгейін одан ары, яғни 6-8%-ға дейін төмендету жұмысын жалғастыратынын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/54/9395457_180:0:1620:1080_1920x0_80_0_0_a3d707419eeaffa4456b01f087da19aa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экономика, әлихан смайылов, инфляция
экономика, әлихан смайылов, инфляция
Биылғы 11 айда экономика 4,9 процентке өсті – Смайылов
Премьер-министрдің айтуынша, биылғы басты сын-қатерлердің бірі инфляция болды
АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Биылғы жылдың 11 айында Қазақстан экономикасы 4,9 процентке өсті. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов "24KZ" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Жаһандық нарықта қалыптасқан қолайсыз факторларға қарамастан, биыл еліміздің экономикасы тұрақты өсіп келеді. Егер өткен жылды 3,2% өсіммен аяқтасақ, биылғы жылдың 11 айында экономика 4,9%-ке өсті. Ал жыл қорытындысы бойынша осы өсім 5%-ға жақын болады деп болжанып отыр", — деді Әлихан Смайылов.
Экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика қалыптасып отыр. Мәселен, құрылыста өсім 13%, саудада – 11%, байланыс секторында – 8%.
"Экономикалық өсудің негізгі драйвері инвестициялар болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 15%-ға өсіп, 15 трлн теңгені құрады", — деп атап өтті премьер-министр.
Ол президент үкімет алдына инфляция деңгейін екі есеге төмендету міндетін қойғанын еске салды.
"Ол үшін үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, жедел және орта мерзімді іс-шараларды жүзеге асырды. Осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 9,8% маңайында болады деп күтілуде. Бұл – инфляция екі есе төмендейді деген сөз", - деді үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов үкімет келесі жылы инфляция деңгейін одан ары, яғни 6-8%-ға дейін төмендету жұмысын жалғастыратынын айтты.