Тоқаев, Путин мен Мирзиеев газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады

© POOL / Медиабанкке өтуЛидеры СНГ посетили дворцы Павловска, Царского Села и Петергофа
Лидеры СНГ посетили дворцы Павловска, Царского Села и Петергофа - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Қазанда Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан президенттері ресейлік табиғи газдың Қазақстан аумағы арқылы өтіп, Өзбекстанға жол тартатын "Орталық Азия - Орталық" транзитінің тұсауын кескен еді
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ТМД бейресми саммитінен кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шакат Мирзиеевпен бөлек екіжақты кездесу өткізді.
Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Песковтың сөзінше, Тоқаев пен Миризеев Путинмен газ саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
"Бұл ынтымақтастық өте табысты дамып келеді. "Газпром" реверс бойынша жобаны тиімді жүзеге асырды. Осылайше екі республика бізден газ алып отыр", - деді Песков "Известия" басылымына.
Бұған дейін Тоқаев БАҚ-қа Қазақстан ресейлік газды тасымалдау көлемін ұлғайтуға дайын екендігін айтты.
Тоқаев 1 қарашада өткен халықаралық газ форумында Қазақстан үкіметі мен "Газпром" арасында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылғанын еске салды. Ол келісім 15 жылға дейін өзара тиімді серіктестік жоспарын жүзеге асыруды көздейді.
Жетінші қазанда Ресей, Өзбекстан мен Қазақстан президенттері ресейлік табиғи газдың Қазақстан аумағы арқылы өтіп Өзбекстанға жол тартатын "Орталық Азия - Орталық" транзитінің тұсауын кесті. Өзбекстанға ресейлік газ Қазақстан арқылы жеткізіледі, отынның біраз мөлшері Қазақстанда қалып отырады.
Жаңалықтар
0