Қостанайда жоғалған бала мен әйелдің мәйіті табылды

© Photo : Instagam / yessen1702Октябрьский буран в селе Каражар Восточно-Казахстанской области
Октябрьский буран в селе Каражар Восточно-Казахстанской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
1965 жылы туған әйел мен қыз бала Степной ауылынан тас жолға қарай бет алып, жолшыбай көлікпен Тобыл қаласына жетуді көздеген
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. 26 желтоқсан күні таңертең Қостанай облысында қарлы боран кезінде жоғалып кеткен 56 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересінің мәйіттері табылды. Бұл туралы "Қостанай жаңалықтары" хабарлады.
Мұз боп қатқан мәйіттер марқұмдар тұратын ауыл маңынан табылды, деп хабарлады Қостанай облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімінің басшысы Тілеуберді Нұрахметов.
Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде.
1965 жылы туған әйел мен қыз бала Степной ауылынан тас жолға қарай бет алып, жолшыбай көлікпен Тобыл қаласына жетуді көздеген.
Оларды полиция, құтқарушылар, еріктілер іздестірді, сонымен қатар бүгін кинологтар да жұмылдырылды.
Қостанайда екі күннен бері боран соғып тұр. Облыста 114 елді мекен жарықсыз қалды, мектеп оқушылары қашықтықтан оқытуға көшті. 26 желтоқсан күні түс ауа 10 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды.
Қостанай облысында Қостомар ауылында шопан құтқарылды. Ұзынкөл ауданында – көлден екі балықшы құтқарылды. 24 адам тас жолдардан құтқарылды, 35 адам эвакуацияланды, 300-ден астам жолаушы жылыну орындарына орналастырылды, деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.
Жаңалықтар
0