Qazaq Air Астана-Талдықорған бағытындағы рейстерді тоқтатты

© Photo : Пресс-служба Qazaq Air Самолет Qazaq Air
Самолет Qazaq Air  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Әуе компаниясының мұндай шешім қабылдауына Талдықорғандағы қолайсыз ауа райы себеп болған
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Qazaq Air әуе компаниясы Астанадан Талдықорғанға ұшатын рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
IQ429 Астана–Талдықорған және IQ430 Талдықорған – Астана рейстері Талдықорғандағы қолайсыз ауа райына байланысты кешіктірілді, деп атап өтті компания. Содан кейін техникалық себептерге байланысты QAZAQ AIR әуе компаниясы аталған рейстерді тоқтатты.
"Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына жатын орын, тегін қайта брондау және билеттерді қайтару ұсынылды", – деп хабарлайды әуе компаниясы.
QAZAQ AIR бірінші кезекте жолаушылар қауіпсіздігі маңызды екенін атап өтті.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның бірқатар тас жолы да жабылды.
Жаңалықтар
0