https://sputnik.kz/20231227/qaragandy-oblysynda-ush-ayeldi-qauyp-algan-qasqyrdan-qutyru-auruy-anyqtaldy-41241723.html
Қарағанды облысында үш әйелге шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды
Қарағанды облысында үш әйелге шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында Қарқаралыда үш әйелді қауып алған қасқырдан құтыру ауруы анықталды, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз... 27.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-27T14:59+0500
2023-12-27T14:59+0500
2023-12-27T15:02+0500
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/931/93/9319309_0:18:1280:738_1920x0_80_0_0_522759ce985cef276bdf79f60931acc7.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында Қарқаралыда үш әйелді қауып алған қасқырдан құтыру ауруы анықталды, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.Қасқырдың көзі жойылғаннан кейін материалдар зертханаға сараптамаға жіберіліп, қауіпті ауру расталды.Қарқаралыда малға егкпе салу жұмыстары жүргізіләп, кейбір жерлерде шектеу енгізіледі."Қарқаралыда 27 желтоқсаннан бастап профилактикалық мақсатта бірқатар шектеу енгізіледі. Бұл шара көзі жойылған қасқырдан құтыру ауруы анықталуына байланысты қолданылады. Осыған байланысты иттер мен мысықтардың көрмелерін өткізуге, иттер мен мысықтарды серуенге алып шығуға, құтыру ауруын жұқтырған болуы мүмкін мал-жануарлардың өнімдерін (сүт, ет, тері) сатуға және сыртқа алып шығуға тыйым салынады", - делінген әкімдік хабарламасында.Ит, мысық және басқа да жануарларды күтіп-баптау жағдайын тексеру үшін үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіледі. Құтыру ауруына күдік болса, дезинфекция жасалады.Сондай-ақ қалада малға және ит-мысыққа вакцина егіледі.
https://sputnik.kz/20231214/qaragandy-oblysynda-mal-qutyrdy-40905587.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/931/93/9319309_137:0:1144:755_1920x0_80_0_0_0e9cd99dbdc5f8fbedb917af127220ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
Қарағанды облысында үш әйелге шапқан қасқырдан құтыру ауруы анықталды
14:59 27.12.2023 (жаңартылды: 15:02 27.12.2023) АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Қарағанды облысында Қарқаралыда үш әйелді қауып алған қасқырдан құтыру ауруы анықталды, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қасқырдың көзі жойылғаннан кейін материалдар зертханаға сараптамаға жіберіліп, қауіпті ауру расталды.
Қарқаралыда малға егкпе салу жұмыстары жүргізіләп, кейбір жерлерде шектеу енгізіледі.
"Қарқаралыда 27 желтоқсаннан бастап профилактикалық мақсатта бірқатар шектеу енгізіледі. Бұл шара көзі жойылған қасқырдан құтыру ауруы анықталуына байланысты қолданылады. Осыған байланысты иттер мен мысықтардың көрмелерін өткізуге, иттер мен мысықтарды серуенге алып шығуға, құтыру ауруын жұқтырған болуы мүмкін мал-жануарлардың өнімдерін (сүт, ет, тері) сатуға және сыртқа алып шығуға тыйым салынады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Ит, мысық және басқа да жануарларды күтіп-баптау жағдайын тексеру үшін үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіледі. Құтыру ауруына күдік болса, дезинфекция жасалады.
Сондай-ақ қалада малға және ит-мысыққа вакцина егіледі.