https://sputnik.kz/20231227/pavlodar-oblysynda-medaviatsiya-tikushaqtardy-qoldana-almay-otyr-41237037.html
Павлодар облысында медавиация тікұшақтарды қолдана алмай отыр
Павлодар облысында медавиация тікұшақтарды қолдана алмай отыр
Sputnik Қазақстан
Облыстар мен қалалардан Павлодарға науқастарды тасымалдау үшін әуе көлігін пайдалануға ауа райы мүмкіндік бермей тұр 27.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-27T21:47+0500
2023-12-27T21:47+0500
2023-12-27T21:47+0500
павлодар облысы
санитарлық авиация
https://sputnik.kz/img/378/32/3783284_0:40:1100:659_1920x0_80_0_0_6d0398c516350d6f1c777b85874a228f.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Облыстық жедел жәрдем стансасының құрамына кіретін медициналық авиация ауа райының қолайсыздығына байланысты науқастарға жерүсті көлігімен баруға мәжбүр, деп хабарлады медициналық ведомствоның баспасөз қызметі.25 желтоқсанда бірден екі медициналық авиация бригадасы Ақтоғай өңіріне аттанды. Бірінші бригада мерзімінен бұрын босанған 35 жастағы әйелге көмек көрсетті.Әйелге босану процесін қиындатқан эссенциалды гипертензия диагнозы қойылды.Сондай-ақ неонатологиялық бригада әйелдің жаңа туған қызын ауданнан облыстық перинаталдық орталыққа емдеу және бақылау үшін жеткізді.Аққұла ауданында 61 жастағы ер адам медициналық авиация қызметкерлерінің көмегіне зәру болып, ол жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Науқастың асқазан-ішек жолдарынан қан кетіп, 3 дәрежелі геморрагиялық шок болған. Реаниматолог пен хирургтың көмегімен ол Павлодар қаласының бірінші ауруханасына жеткізілді.Медицина қызметкерлері 36 жастағы ер адамға көмек көрсету үшін Ертіс қаласына барған. Ол жүрек талмасынан кейін аудандық ауруханада жатқан. Науқасты облыстық кардиохирургиялық орталыққа апару туралы шешім қабылданып, оған мұнда арнайы мамандар қызмет көрсетті.Медициналық авиацияға бір күн бұрын Екібастұздан тағы бір шақырту түсті. Оқиға орнына реаниматологиялық бригада жіберілді. Екі жақты пневмониямен ауыратын 11 айлық қызға дәрігерлердің көмегі қажет болды."Ауа райы әзірге облыстар мен қалалардан Павлодарға науқастарды тасымалдау үшін әуе көлігін пайдалануға мүмкіндік бермей тұр, - деді медициналық авиация меңгерушісі Алмагүл Бесембинова. – Өңірде күн сайын тұман түсіп, көктайғақ болады немесе жолды көру нашарлайды деп болжанып жатыр. Сондықтан қажет болған жағдайда біз науқастарды реанимобильмен тасымалдап жатырмыз".
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/378/32/3783284_64:0:1037:730_1920x0_80_0_0_c693f91872a379dd2e80b66aa2412059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, санитарлық авиация
павлодар облысы, санитарлық авиация
Павлодар облысында медавиация тікұшақтарды қолдана алмай отыр
Облыстар мен қалалардан Павлодарға науқастарды тасымалдау үшін әуе көлігін пайдалануға ауа райы мүмкіндік бермей тұр
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Облыстық жедел жәрдем стансасының құрамына кіретін медициналық авиация ауа райының қолайсыздығына байланысты науқастарға жерүсті көлігімен баруға мәжбүр, деп хабарлады медициналық ведомствоның баспасөз қызметі.
25 желтоқсанда бірден екі медициналық авиация бригадасы Ақтоғай өңіріне аттанды. Бірінші бригада мерзімінен бұрын босанған 35 жастағы әйелге көмек көрсетті.
Әйелге босану процесін қиындатқан эссенциалды гипертензия диагнозы қойылды.
Сондай-ақ неонатологиялық бригада әйелдің жаңа туған қызын ауданнан облыстық перинаталдық орталыққа емдеу және бақылау үшін жеткізді.
Аққұла ауданында 61 жастағы ер адам медициналық авиация қызметкерлерінің көмегіне зәру болып, ол жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Науқастың асқазан-ішек жолдарынан қан кетіп, 3 дәрежелі геморрагиялық шок болған. Реаниматолог пен хирургтың көмегімен ол Павлодар қаласының бірінші ауруханасына жеткізілді.
Медицина қызметкерлері 36 жастағы ер адамға көмек көрсету үшін Ертіс қаласына барған. Ол жүрек талмасынан кейін аудандық ауруханада жатқан. Науқасты облыстық кардиохирургиялық орталыққа апару туралы шешім қабылданып, оған мұнда арнайы мамандар қызмет көрсетті.
Медициналық авиацияға бір күн бұрын Екібастұздан тағы бір шақырту түсті. Оқиға орнына реаниматологиялық бригада жіберілді. Екі жақты пневмониямен ауыратын 11 айлық қызға дәрігерлердің көмегі қажет болды.
"Ауа райы әзірге облыстар мен қалалардан Павлодарға науқастарды тасымалдау үшін әуе көлігін пайдалануға мүмкіндік бермей тұр, - деді медициналық авиация меңгерушісі Алмагүл Бесембинова. – Өңірде күн сайын тұман түсіп, көктайғақ болады немесе жолды көру нашарлайды деп болжанып жатыр. Сондықтан қажет болған жағдайда біз науқастарды реанимобильмен тасымалдап жатырмыз".