Өзбекстандағы айтыста Қазақстан ақыны бас жүлде алды

© Photo : otyrar.kzДомбыра
Домбыра - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
Шешуші сында қазақстандық Нұрлан Есенқұлов пен өзбекстандық қандас Талғат Орынбеков кездесті
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстанда кейінгі 7 жылда алғаш рет халықаралық ақындар айтысы өтті. Жыр додасы жергілікті қазақ мәдени орталығының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлады 24.kz.
Айтулы аламанға қазақ пен қырғыздың арқалы ақындары жиналды. Ұзын ырғасы 10 жүйрік қатысқан айтыстың бас жүлдесіне 10 млн сом, яғни 400 мың теңге тігілді, ал жалпы жүлде қоры 1 млн теңгеге жуықтады.
Бұл кеште көрермен қыз бен жігіт, аға мен іні, қазақ пен қырғыз арасындағы әзілі жарасқан әдемі айтыстың куәсі болды. Достық һәм ынтымақ ұғымы кең насихатталып қана қоймай, ел мен жерде болып жатқан оқиғалар сұлу сөзбен cуреттелді.
Ақындар айтысы 60 жылдан бері жергілікті телеарна эфирінен түспей келе жатқан "Замандас-Дидар" бағдарламасының мерейтойына орайластырылды.
Шығармашылық ұжым Өзбекстанның түкпір-түкпірін аралап, қандастардың тыныс-тіршілігін баяндайды. Мәдениеті мен өнерінің дамып, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалуына қосқан үлесі зор.
Жыр бәйгесі 4 сағатқа созылды. Шешуші сында қазақстандық Нұрлан Есенқұлов пен өзбекстандық қандас Талғат Орынбеков кездесті. Ақындар елдік мәселелерді көтеріп, ұрымтал тұста бір-бірін сынап-мінеп те алды.
Тартысты өткен финалдың нәтижесінде бас бәйге Нұрланның еншісіне бұйырды. Ал Талғат бірінші орынға лайық деп танылды. Қырғызстан және Қарақалпақстан атынан сынға түскендер де жүлде еншілеп, еліне олжалы оралды.
Жаңалықтар
0