https://sputnik.kz/20231227/kcell-tele2-altel-zhane-beeline-uyaly-baylanys-operatorlaryna-qatysty-tergeu-bastaldy-41232103.html
Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары 7,7%-дан 57,3%-ға қымбаттады 27.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-27T09:09+0500
2023-12-27T09:09+0500
2023-12-27T09:13+0500
ұялы байланыс
операторлар
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5fc491116b441caa6fd1656090748cd9.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу бастады. Олар бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.Қазақстандықтардың шағымдары бойынша агенттік ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарларының шарттарына және бағалардың өзгеру қарқынына талдау жасады.Күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілерінің бірнеше рет анықталуына байланысты "Кселл" АҚ, "МТ-С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды.Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/14/25648779_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_79804a7039354f79d99c04c79676bb8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұялы байланыс, операторлар, тергеу
ұялы байланыс, операторлар, тергеу
Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды
09:09 27.12.2023 (жаңартылды: 09:13 27.12.2023) 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары 7,7%-дан 57,3%-ға қымбаттады
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Kcell, Tele2, Altel және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу бастады. Олар бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
Қазақстандықтардың шағымдары бойынша агенттік ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарларының шарттарына және бағалардың өзгеру қарқынына талдау жасады.
"2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7%-дан 57,3%-ға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды. Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпарат жариялап, ай сайынғы абоненттік төлемі бар 30-дан астам тарифтік жоспарлар бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын елеулі қымбаттатқан", - деп хабарлады агенттіктегілер.
Күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер белгілерінің бірнеше рет анықталуына байланысты "Кселл" АҚ, "МТ-С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды.
Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.