Астанада 2,3 мыңнан астам жұмысшы көшелерді қардан тазартып жатыр

© Photo : Пресс-служба акима АстаныАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Таңертеңнен бері 2,3 мыңнан астам жұмысшы мен 1600-ге жуық арнайы техника елорда көшелерін қар мен мұздан тазартыы жатыр, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Өткен түнде елорда көшелерінен 16 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Ол үшін ауыр жүк көліктері қар үйінділеріне 1200-ден астам рейс жасады.
Жалпы, қыс маусымы басталғалы қаладан 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл шамамен 48 мың жүк көлігіне артылатын жүк көлеміне тең.
Жұмыс тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізіледі.
Сондай-ақ тұрғындардың ыңғайлы жүріп-тұруы үшін қала бойынша жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы жүйелі түрде себіліп тұрады.
Интерактивный урок - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2023
Еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар қашықтан оқиды
Жаңалықтар
0