https://sputnik.kz/20231227/almatyda--zhalgan-shot-fakturalardy-zhazumen-aynalysqan-qlymystyq-top-anyqtaldy-41233608.html
Алматыда жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
Алматыда жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық топ ұйымдастырушылары "бір күндік фирмаларды" жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген 27.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-27T09:47+0500
2023-12-27T09:47+0500
2023-12-27T10:16+0500
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды "қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен" және жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан.Анықталғандай, топ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз "қолма-қол ақша түрінде шығарып берген". Бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 млрд теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектескен.Қылмыстық топ ұйымдастырушылары "бір күндік фирмаларды" жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген. Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. ҚМА "көлеңкелі" экономиканың үлесін азайту және адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жалғастыратын болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқтық
Алматыда жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан қылмыстық топ анықталды
09:47 27.12.2023 (жаңартылды: 10:16 27.12.2023) Қылмыстық топ ұйымдастырушылары "бір күндік фирмаларды" жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі қаражаттарды "қолма-қол ақша түрінде шығарып берумен" және жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан.
Анықталғандай, топ мүшелері мекемелерге екінші деңгейлі банк шоттарынан жүйелі түрде қаражаттарды заңсыз "қолма-қол ақша түрінде шығарып берген". Бақылауындағы 17 коммерциялық компания арқылы 5 млрд теңгеден астам сомаға коммерциялық ұйымдарға құрылыс-монтаж жұмыстары, көлік қызметтері және халық тұтынатын тауарларды жөнелту бойынша қызмет көрсетуге жалған шот-фактуралар жазып беру арқылы салық төлеуден жалтаруға көмектескен.
Қылмыстық топ ұйымдастырушылары "бір күндік фирмаларды" жақын туыстары мен таныстарының аттарына тіркеген. Сот үкімімен бес айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
ҚМА "көлеңкелі" экономиканың үлесін азайту және адал кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты тұрақты түрде жалғастыратын болады.