https://sputnik.kz/20231227/aikn-zhane-tie-ulttyq-bank-zhana-kollektsiyalyq-monetalardy-aynalymga-shygardy-41247824.html
AI•KÚN және TÚIE: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды
AI•KÚN және TÚIE: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк "Сиқырлы нышандар" сериясынан AI•KÚN және "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан TÚIE... 27.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-27T17:50+0500
2023-12-27T17:50+0500
2023-12-27T17:50+0500
монета
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_0:317:3073:2047_1920x0_80_0_0_e97f1aaf6e8acd0bceecd948d66661d1.jpg
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк "Сиқырлы нышандар" сериясынан AI•KÚN және "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.AI•KÚNДизайн қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген. Күн батылдық пен белсенділікті білдірсе, ай тыныштық пен шығармашылықтың символы саналады.Монета жоғары бедерлі, алтын жалатылған және екі жақты тотығу технологиясы қолданылған. Күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – antique silver, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана.TÚIETÚIE – "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясымен шығып жатқан алтыншы монета. Оның дизайнында сақ стилінде бейнеленген жануардың натуралистік және трафареттік көрінісі біріктірілген.Көшпенділер мәдениетінде түйе адамгершілік пен тәуелсіздік, күш-жігер мен төзімділіктің бейнесі саналады.Монеталар 3 түрде дайындалды:925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 25 oz (777,5 грамм), диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 5 000 теңге, таралымы – 200 дана;925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана;мельхиор (МН 25) қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана.Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.Күмістен жасалған AI•KÚN және TÚIE монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ нөмірлік сапа сертификаттарымен кәдесый қаптамасында шығарылады.Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/0e/14468622_184:0:2913:2047_1920x0_80_0_0_de683a33ec1316a63b22b5f593944a3d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
монета
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық банк "Сиқырлы нышандар" сериясынан AI•KÚN және "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясынан TÚIE коллекциялық монеталарын айналымға шығарады.
Дизайн қарама-қайшылықтар бірлігі түсінігіне негізделген. Күн батылдық пен белсенділікті білдірсе, ай тыныштық пен шығармашылықтың символы саналады.
Монета жоғары бедерлі, алтын жалатылған және екі жақты тотығу технологиясы қолданылған. Күміс сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – antique silver, номиналы – 500 теңге, таралымы – 3 000 (үш мың) дана.
TÚIE – "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясымен шығып жатқан алтыншы монета. Оның дизайнында сақ стилінде бейнеленген жануардың натуралистік және трафареттік көрінісі біріктірілген.
Көшпенділер мәдениетінде түйе адамгершілік пен тәуелсіздік, күш-жігер мен төзімділіктің бейнесі саналады.
Монеталар 3 түрде дайындалды:
925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 25 oz (777,5 грамм), диаметрі – 100 мм, диаметрі 2 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 5 000 теңге, таралымы – 200 дана;
925/1000 сынамалы күмістен, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, диаметрі 1 мм гауһар орнатылған, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, таралымы – 5 000 дана;
мельхиор (МН 25) қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – рrооf-like, номиналы – 200 теңге, таралымы – 10 000 (он мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.
Күмістен жасалған AI•KÚN және TÚIE монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде ҚҰБ нөмірлік сапа сертификаттарымен кәдесый қаптамасында шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.