Жамбыл облысында 2025 жылға дейін екі жаңартылатын энергия объектісі іске қосылады

© http://www.ark.gov.uaСолнечная электростанция
Солнечная электростанция - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Жазылу
Қазір өңірде жалпы қуаты 441 МВт болатын 19 жаңартылатын энергия көздері объектісі жұмыс істеп тұр
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында 2025 жылға дейін жиынтық қуаты 120 МВт болатын 2 жаңартылатын энергия көздері объектісін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов өңір тұрғындарымен есептік кездесуінде айтты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі
Вице-министр Жамбыл облысы жаңартылатын энергия көздерінің қуаты бойынша республикада көшбасшы орында екенін атап өтті.
"Өңірде жалпы қуаты 441 МВт болатын 19 жаңартылатын энергия көздері объектісі жұмыс істейді, оның ішінде қуаты 251 МВт-тан асатын 5 күн электр станциясы, қуаты 176 МВт құрайтын 9 жел электр станциясы және қуаты 15 Мвт болатын 5 гидроэлектр станциясы бар", - деді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бүгінгі таңда Жамбыл облысын газдандыру деңгейі 90,2 %-ке жеткен. Бұл еліміз бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. 1,1 млн адам табиғи газға қол жеткізген.
"Бұл бағытта республикалық бюджеттен Жамбыл облысының әкімдігі үшін 2023 жылы республикалық бюджеттен 6 жобаны іске асыруға 5 млрд теңге бөлінді, ал 2024 жылға арналған 5 жобаны іске асыруға 3,3 млрд теңге көзделген, оның ішінде Мойынқұм ауданының 9 елді мекенін газдандыруды бастауға 600 млн теңге қарастырылған", - деді Әлібек Жамауов.
Жобаларды іске асыру нәтижесінде 39 мыңға жуық тұрғыны бар 14 елді мекен табиғи газға қол жеткізе алады.
Осы жылдың 11 айында өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 4,0 млрд кВтсағ құрады. Ал өңір халқы 4,7 млрд кВтсағ тұтынады.
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 15%-ке дейін артады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2023
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 15%-ке дейін артады
Жаңалықтар
0