https://sputnik.kz/20231226/vashington-kievti-2024-zhyldyn-sonynda-kelissoz-usteline-otyrgyzady--nato-ofitseri-41201510.html
Вашингтон Киевті 2024 жылдың соңында келіссөз үстеліне отырғызады – НАТО офицері
Вашингтон Киевті 2024 жылдың соңында келіссөз үстеліне отырғызады – НАТО офицері
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Вашингтон Украинаның Ресеймен қақтығыста жеңіске жетуіне ешқашан күш салмаған және жақын арада оны Мәскеумен келіссөз жүргізуге... 26.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-26T10:44+0500
2023-12-26T10:44+0500
2023-12-26T10:44+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/970/09/9700988_0:0:2610:1469_1920x0_80_0_0_73b20ad0c407c0072a0cfd920d29d829.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Вашингтон Украинаның Ресеймен қақтығыста жеңіске жетуіне ешқашан күш салмаған және жақын арада оны Мәскеумен келіссөз жүргізуге мәжбүрлейді, деп мәлімдеді АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің отставкадағы капитаны Гарри Табах YouTube-тегі Politeka арнасына берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.Офицердің пікірінше,украиналықтар дипломатиялық майданда толығымен сәтсіздікке ұшыраған. Ол украиналықтардың әрекеттері мен мәлімдемелері Израиль, Польша, Венгрия және Германия сияқты елдерде наразылық тудырғанын еске салды.Капитан украиналық журналистке Вашингтон Киевті 2024 жылдың соңында АҚШ-тағы президент сайлауына қарай келіссөз үстеліне отырғызатынын айтты."Маған сеніңіз, кейде ешкім сіздерден ештеңе сұрамайды. Жеңіліс табасыздар, осымен бәрі бітеді. Ешкім берілгісі келмейді, ешкім жеңілгісі келмейді, бірақ оларда басқа таңдау жоқ", – деп ескертті Табах.Ал батыстық БАҚ АҚШ пен ЕО Украина дағдарысынан шаршай бастағанын және Владимир Зеленскийге қолдау әлсіреп жатқанын көбірек жазып жатыр.NBC телеарнасының хабарлауынша, америкалық және еуропалық шенеуніктер Ресеймен бейбіт келіссөздің ықтимал салдарын, соның ішінде келісімге келу үшін неден бас тартуға болатынын қазірдің өзінде Киев билігімен талқылап жатыр.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/09/9700988_0:0:2610:1959_1920x0_80_0_0_cee46b9e899868db450d0ec56fdc7ddf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Вашингтон Киевті 2024 жылдың соңында келіссөз үстеліне отырғызады – НАТО офицері
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Вашингтон Украинаның Ресеймен қақтығыста жеңіске жетуіне ешқашан күш салмаған және жақын арада оны Мәскеумен келіссөз жүргізуге мәжбүрлейді, деп мәлімдеді АҚШ-тың әскери-теңіз күштерінің отставкадағы капитаны Гарри Табах YouTube-тегі Politeka арнасына берген сұхбатында. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
"Байден әкімшілігі ешқашан, тіпті бір рет те "біздің мақсатымыз – Украинаның жеңісі" деген жоқ. Олар Украинаның тәуелсіз болуын мақсат тұтатынын айтты. Бірақ ешқашан жеңіс жайлы да, "өз аумағын қайтару" жайлы да жақ ашпады", - деді НАТО-ның бұрынғы офицері.
Офицердің пікірінше,украиналықтар дипломатиялық майданда толығымен сәтсіздікке ұшыраған. Ол украиналықтардың әрекеттері мен мәлімдемелері Израиль, Польша, Венгрия және Германия сияқты елдерде наразылық тудырғанын еске салды.
Капитан украиналық журналистке Вашингтон Киевті 2024 жылдың соңында АҚШ-тағы президент сайлауына қарай келіссөз үстеліне отырғызатынын айтты.
"Маған сеніңіз, кейде ешкім сіздерден ештеңе сұрамайды. Жеңіліс табасыздар, осымен бәрі бітеді. Ешкім берілгісі келмейді, ешкім жеңілгісі келмейді, бірақ оларда басқа таңдау жоқ", – деп ескертті Табах.
Ал батыстық БАҚ АҚШ пен ЕО Украина дағдарысынан шаршай бастағанын және Владимир Зеленскийге қолдау әлсіреп жатқанын көбірек жазып жатыр.
NBC телеарнасының хабарлауынша, америкалық және еуропалық шенеуніктер Ресеймен бейбіт келіссөздің ықтимал салдарын, соның ішінде келісімге келу үшін неден бас тартуға болатынын қазірдің өзінде Киев билігімен талқылап жатыр.