Үш жылда 1 300 шақырымнан астам жаңа теміржол салынады

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Жазылу
Елімізде бірқатар ірі көлік жобасы жүзеге асырылып жатыр
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Үкіметте Қазақстанның көлік саласын дамыту қорытындысы шығарылды, деп хабарлады министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда елімізде автомобиль, теміржол, әуе және теңіз салаларын қамтитын ірі көлік жобалары жүзеге асырыла бастады:
11 айда Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі 895 млн тоннаны құрады;
салаға тартылған инвестиция көлемі 1,6 есеге өсіп, 1,8 трлн теңгеге дейін жетті;
қарашада Алматы торабын айналып өтетін (74 км) және Дарбаза – Мақтаарал (152 км) теміржол желілерінің құрылысы басталды;
желтоқсанда ұзындығы 272 шақырым болатын Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы басталды;
жалпы алдағы үш жылда республикада 1 300 шақырымнан астам жаңа теміржол салынады;
2023 жылы 133 локомотив сатып алынды;
республикалық және жергілікті маңызы бар 10,7 мың шақырым автомобиль жолы жөнделді.
Сонымен қатар үш ірі жоба аяқталды:
1.
ҮАААЖ (БАКАД);
2.
"Қандыағаш – Мақат";
3.
"Үшарал – Достық".
Сонымен қатар құрылысы ұзаққа созылған 6 жоба бойынша, яғни "Талдықорған – Өскемен", "Қарағанды ​​– Алматы", "Меркі – Бурылбайтал", "Ақтөбе – Қандыағаш" және "Атырау – Астрахан" бағыттарында жұмыстар қарқынды жүргізілді.
2024-2030 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 9 мың шақырымнан асатын бірқатар басым жол жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Қазақстанның теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін бірқатар маңызды жобалар пысықталуда.
Ақтау портында контейнерлік хаб құру, айлақтарды реконструкциялау, сондай-ақ жүк тиеу жабдықтарын жаңарту жоспарлануда.
Құрық портында Abu Dhabi Ports компаниясымен бірлескен астық терминалы іске қосылды.
Жалпы жоғарыда аталған жобалардың барлығын жүзеге асыру Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелері паркі 89-дан 98 бірлікке, ал орын саны 12 мыңнан 15 мыңға дейін (+26%) өсті.
Жеке инвестиция есебінен Шымкент, Қызылорда және Алматы қалаларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынып жатыр.
Жаңалықтар
0