https://sputnik.kz/20231226/ulttyq-muzey-qoryna-qazhymuqan-munaytpasulynyn-qanzhary-tabystaldy-41217602.html
Ұлттық музей қорына Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табысталды
Ұлттық музей қорына Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табысталды
Sputnik Қазақстан
"Джамбия" қанжары жүзінің екі жағында араб әріптерімен көне түрік-осман тілінде жазылған мәтіндер бар 26.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-26T16:18+0500
2023-12-26T16:18+0500
2023-12-26T16:19+0500
қажымұқан
музей
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/1a/41216993_0:56:1082:665_1920x0_80_0_0_7c4565a84f5e076c83b47ea9f6d08493.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі "Джамбия" қанжарын Ұлттық музей қорына салтанатты табыстау рәсімі өтті."Бүгін музей қоры құндылығы жоғары экспонатпен толығайын деп отыр. Бұл – күллі әлем мойындаған күш атасы, қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы тиесілі "Джамбия" қанжары. Бір жағынан Джамбия қанжарының өзі қолөнер туындысы ретінде құндылығы жоғары болса, ал оны араб ұсталарының Қажымұқанға арнайы жасауының өзі араб, түркі әлемінің балуанға деген жоғары құрметі деп білеміз", - деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев."Джамбия" қанжары жүзінің екі жағында араб әріптерімен көне түрік-осман тілінде жазылған мәтіндер бар: сол жағында "күшті, жеңілмейтін Мұңайтпасұлы Мұқанға", ал оң жағында "Бізден, қажылықтан естелік, Шағыр паша, 1330 жыл" (Хижра жыл есептеуі бойынша 1330 жыл бұл қазіргі жыл санауына сәйкес 1912 жыл).Сонымен қатар, шара барысында Ұлттық музей қорындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды. Бүгінгі күні музей қоры қанжармен толығып, балуанға қатысты жәдігерлер саны 27-ге жетті.
https://sputnik.kz/20190623/Alyp-ksuh-iesi-Qazhymuhan-turaly-qyzyqty-derekter-10647449.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/1a/41216993_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_5efe1dae6b954b6303ecbb3fd658492a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қажымұқан , музей
Ұлттық музей қорына Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табысталды
16:18 26.12.2023 (жаңартылды: 16:19 26.12.2023) "Джамбия" қанжары жүзінің екі жағында араб әріптерімен көне түрік-осман тілінде жазылған мәтіндер бар
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі "Джамбия" қанжарын Ұлттық музей қорына салтанатты табыстау рәсімі өтті.
"Бүгін музей қоры құндылығы жоғары экспонатпен толығайын деп отыр. Бұл – күллі әлем мойындаған күш атасы, қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлы тиесілі "Джамбия" қанжары. Бір жағынан Джамбия қанжарының өзі қолөнер туындысы ретінде құндылығы жоғары болса, ал оны араб ұсталарының Қажымұқанға арнайы жасауының өзі араб, түркі әлемінің балуанға деген жоғары құрметі деп білеміз", - деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев.
"Джамбия" қанжары жүзінің екі жағында араб әріптерімен көне түрік-осман тілінде жазылған мәтіндер бар: сол жағында "күшті, жеңілмейтін Мұңайтпасұлы Мұқанға", ал оң жағында "Бізден, қажылықтан естелік, Шағыр паша, 1330 жыл" (Хижра жыл есептеуі бойынша 1330 жыл бұл қазіргі жыл санауына сәйкес 1912 жыл).
Сонымен қатар, шара барысында Ұлттық музей қорындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі жәдігерлерден көрме ұйымдастырылды. Бүгінгі күні музей қоры қанжармен толығып, балуанға қатысты жәдігерлер саны 27-ге жетті.