Елімізде автогаздың шекті бағасы бекітілді

© Sputnik / Тимур БатыршинГазозаправочная станция, архивное фото
Газозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Жазылу
Жаңа шекті бағалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өңірлер бойынша бекітілген шекті бағалар:
Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды ​​облысы – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары. – 64 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.
Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан астам) шекті бағалар 5 теңгеге жоғары болады.
Бұған дейін энергетика министрлігі шекті бағаларды анықтау қағидаларына енгізілген өзгерістер сұйытылған мұнай газының қазіргі кезеңде бағасының өсуін білдірмейтінін хабарлаған болатын. Бұл ретте шекті көтерме және бөлшек сауда бағалары сұйытылған мұнай газын өндіру құнын ескере отырып енгізілетін болады. Сондай-ақ, үш жыл ішінде әр алты ай сайын сұйытылған газдың бағасы 5 теңгеге көтерілетіні хабарланды. Бірінші өсім 2024 жылдың бірінші тоқсанында болады деп күтілуде.
Жаңалықтар
0