Астанада жаңа жыл түнінде қандай іс-шаралар өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
Жазылу
"Қазақ елі" монументі мен ЭКСПО алаңында "Жаңа жыл түні" атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. 31 желтоқсаннан 1 қаңтарғақараған Жаңа жыл түнінде қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
31 желтоқсан күні сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елордамыздың қалалық алаңында, "Қазақ елі" монументі мен ЭКСПО алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін "Жаңа жыл түні" атты жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.
Іс-шараға отандық эстрада жұлдыздары Qanay, Әли Оқапов, Ayree, Маржан Арапбаева, Ильхан Ихсан, Кенжебек Жанәбілов, Диана Исмаил, Аука, Еркеш Хасен, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов, "Килиманджаро" тобы, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған және басқа да көптеген әртіс қатысады.
Сағат 23:45-те ЭКСПО алаңынан "Jibek Joly" телеарнасы тікелей эфирге шығады. Тікелей эфирде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауы көрсетіледі және мерекелік бағдарлама болады.
Сонымен қатар 31 желтоқсанда Астанада жүгіруден жаппай жарыс өтеді. Қатысушылар 2024 метр қашықтықты еңсеруді жоспарлап отыр. Басталуы сағат 21.00-де. Жарысқа қатысуға старт пакеттері 31 желтоқсан сағат 20.30-дан бастап беріледі.
Жаңалықтар
0