Ұшақтың есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

© Sputnik / Andranik GhazaryanАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Жазылу
Оған бірден үш әкімшілік хаттама толтырылып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салынды
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Polisia.kz.
23 желтоқсанда Fly Arystan әуе компаниясы өкілдерінің өтініші бойынша Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент – Алматы бағытындағы рейс жолаушысын ұстаған болатын.
Құқық бұзушы акт бойынша рейстен түсірілген. Тексеру барысында ұшақ бортындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынбаған Алматы қаласының 29 жастағы мас тұрғыны анықталды.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол орташа дәрежеде мас болған.
Құқық бұзушыға қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, 566-бабы 1-бөлігі, 434-бабы 1-бөлігі бойынша бірден үш әкімшілік хаттама толтырып, 8 АЕК көлемінде айыппұл салды.
Ұсақ бұзақылық бойынша іс Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданады. Аталған бап бойынша құқық бұзушы 15 тәулікке дейінгі әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Жаңалықтар
0