ҰҚК шекара қызметінің экс-директоры төрт жылға сотталды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Жазылу
Ол билігін асыра пайдаланғаны және пара алғаны үшін кінәлі деп танылды
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматы гарнизонының әскери соты ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы директоры Дархан Ділмановты мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Ділманов ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билігін асыра пайдаланғаны және ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
"ҚХР-дан Қазақстанға жүктерді өткізу пункті арқылы ауыстырып тиеудің әзірленген қылмыстық схемасын енгізуді ұсынған. Егер ол сәтті жүзеге асса, ол одан белгілі бір табыс алатыны анықталды. Бақылау пункті арқылы тауарды одан шықпай және жалпы кезекті айналып өтудің заңсыз схемасы енгізілуіне байланысты 1750 реттік рейс жасалды, нәтижесінде ірі шығын келтірілді", - делінген хабарламада.
Соттың хабарлауынша, сотталушы Ділманов өз кінәсін толық мойындап, өкінген.
"Д.Д.-ны (Ділманов – ред) "генерал-лейтенант" әскери атағынан, ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік наградасынан және "ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері" құрметті атағынан айыру туралы Қазақстан Республикасының президентінің атына ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шекара қызметінің экс-директоры Дархан Ділманов 2023 жылы 22 маусымда ұсталды. 25 маусымда сот оны қамауға алуға санкция берді.
Жаңалықтар
0