https://sputnik.kz/20231225/undistannan-tabylgan-abilqayyr-khan-turaly-kitaptyn-koshirmesi-elge-zhetkizildi-41168453.html
Үндістаннан табылған Әбілқайыр хан туралы кітаптың көшірмесі елге жеткізілді
Үндістаннан табылған Әбілқайыр хан туралы кітаптың көшірмесі елге жеткізілді
Sputnik Қазақстан
Үндістан архивінде қазақ тарихына қатысты мұралар өте көп жинақталған 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T14:47+0500
2023-12-25T14:47+0500
2023-12-25T14:47+0500
мәдени мұра
әбілқайыр хан
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41168283_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_9befc4cc056d2d504c3fd536191cdc57.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында "Үндістан қорларындағы Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбалар мен архивтік деректер" атты ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.Семинар барысында Қазақстандағы Үндістан елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди үнді елінің Патна кітапханасы қорынан табылған парсы тіліндегі "Тарих-и-Абул хаир хан" және "History of Mongols" кітаптарының көшірмесін тапсырды.Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Жазба жәдігер және рухани мұра" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, PhD докторы Өмір Оразұлы дала элиталарына арнайы жазылған ортағасырлық түркі медициналық трактаттарының көшірмесін тапсырды. Олардың қатарында Көшім ханның жеке дәрігері болған Сұлтāн Әлӣ әл-Хурасанӣдің "Дастӯр ал-‘илāж" ("Емшілік дәстүрі") атты трактаты мен шайбанилердің ханы Абдаллатифтің жеке дәрігері Мулла Мухаммад Иусуфтың "Зубдат ал-каххалин" ("Көз дәрігерлерінің қаймағы") еңбегі бар. Ғалым қазақ тарихына, оның ішінде халықтық медицина саласына қатысты құнды трактаттар Үндістан Республикасының қорынан анықталып, зерттелгенін мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41168283_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_22126be1c83fb998af88cab24426c697.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәдени мұра, әбілқайыр хан
мәдени мұра, әбілқайыр хан
Үндістаннан табылған Әбілқайыр хан туралы кітаптың көшірмесі елге жеткізілді
Үндістан архивінде қазақ тарихына қатысты мұралар өте көп жинақталған
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында "Үндістан қорларындағы Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты көне қолжазбалар мен архивтік деректер" атты ғылыми семинар өтті, деп хабарлайды мәдениет және ақпарат министрлігі.
"Архив-2025" мемлекеттік жобасы дүниежүзі қазақтарының тарихына қатысты барлық деректерді жинауға жаңа мүмкіндіктер ашуда. Өткен жылы Үндістанға ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедициясы өте табысты өтті. Орталықтың мамандары, ғалымдар еліміздің тарихына қатысты көптеген құнды құжаттардың көшірмесін тауып, елге жеткізді. Бұл басы ғана. Себебі Үндістан архивінде қазақ тарихына қатысты мұралар өте көп жинақталған", – деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Жандос Болдықов.
Семинар барысында Қазақстандағы Үндістан елшілігі жанындағы Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры Санджай Веди үнді елінің Патна кітапханасы қорынан табылған парсы тіліндегі "Тарих-и-Абул хаир хан" және "History of Mongols" кітаптарының көшірмесін тапсырды.
Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Жазба жәдігер және рухани мұра" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері, PhD докторы Өмір Оразұлы дала элиталарына арнайы жазылған ортағасырлық түркі медициналық трактаттарының көшірмесін тапсырды. Олардың қатарында Көшім ханның жеке дәрігері болған Сұлтāн Әлӣ әл-Хурасанӣдің "Дастӯр ал-‘илāж" ("Емшілік дәстүрі") атты трактаты мен шайбанилердің ханы Абдаллатифтің жеке дәрігері Мулла Мухаммад Иусуфтың "Зубдат ал-каххалин" ("Көз дәрігерлерінің қаймағы") еңбегі бар. Ғалым қазақ тарихына, оның ішінде халықтық медицина саласына қатысты құнды трактаттар Үндістан Республикасының қорынан анықталып, зерттелгенін мәлімдеді.