Өңірлер

Тараз балабақшасында 13 млн теңге ұрланды

© Photo : Esi GrünhagenАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Жазылу
Әлеуметтік нысанның басшысы балабақшада тәрбиеленбеген бүлдіршіндер үшін бюджет қаржысын алған
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Тараздағы балабақшада ірі мөлшерде ақша жымқыру фактісі анықталды.
"Тараз қаласының прокуратурасы "РозАль" орталығы" жекеменшік балабақшасының басшылығы мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады", - деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.
Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет ақшасын алған.
Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-тармағы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы сот санкциясымен қамауға алынды.
Человек считает купюры - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2023
Алматыда мектеп бухгалтері 46 млн теңге жымқырды
Жаңалықтар
0