Шымкентте қариялардың үйін "тазартқан" әйел ұсталды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Жазылу
Алаяқ қарт адамдарға отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте 73 және 68 жастағы қариялар гипноздың әсерінен алаяққа бар жиған-тергенін беріп жіберген, деп хабарлады Polisia.kz.
Екі жағдайда да белгісіз әйел үйді сатып алу үшін көруге келген. Әңгімелесу барысында алаяқ қарияларға отбасына дуа жасалғанын және оны тез арада жоймаса, бір жамандық болатынын айтып сендірген.
Тазарту рәсімін өткізу үшін ол алтын мен ақша сұраған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 600 мың теңге.
Қала тұрғындары есін жинаған бойда дереу полицияға хабарласып, болған жайды жеткізді.
Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті гипнозды қолданған, өйткені олардың өздері мұндай алаяқтыққа қалай түскенін түсінбейді.
Күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ізін суытпай ұстады. Бұған жедел басқару орталығының камералары көмектесті.
Ұсталған әйел Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің құрбандарын тек егде жастағы, сенгіш азаматтардың арасынан таңдап алған.
Шымкент полицейлері алаяқтардың мұндай айласына түсіп қалмас үшін тұрғындарға бейтаныс адамдарға сенбеуге, бағалы заттарына абай болуға кеңес берді.
Жаңалықтар
0