https://sputnik.kz/20231225/qytay-almatydan-beyzhinge-turaqty-reysterdi-iske-qosady-41156771.html
Қытай Алматыдан Бейжіңге тұрақты рейстерді іске қосады
Қытай Алматыдан Бейжіңге тұрақты рейстерді іске қосады
Sputnik Қазақстан
Рейстер Бейжіңдегі жаңа әуежайдан аптасына үш рет орындалады 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T09:39+0500
2023-12-25T09:39+0500
2023-12-25T09:39+0500
қоғам
қытай
бейжің
рейстер
https://sputnik.kz/img/112/28/1122847_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_7468521f06d29216790b32296b0fd190.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қытайдың "China Southern Airlines" әуе компаниясы 25 қаңтардан бастап Алматы – Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін ашады, деп хабарлайды көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті.Рейстер жаңа "Бейжің Дасин халықаралық әуежайынан" аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) орындалады. Жолаушыларды Airbus-A320 типті әуе кемелері тасымалдайды.Айта кетері, China Southern Airlines Қытайдың ең ірі әуе компанияларының үштігіне кіреді. Флот көлемі бойынша Азияның ең ірі әуе тасымалдаушысы және жолаушылар тасымалы көлемі бойынша әлемде 6-шы әуе компания.Әуе компаниясының 650-ден астам ұшағы бар (A319/320/321/330/350, B737/777/787, ARJ21, C919). Қытайдағы және бүкіл әлемдегі 230-дан астам қалаға ұшады.
https://sputnik.kz/20231222/almatydan-er-riyadqa-tikeley-reyster-ashylady-41110888.html
қытай
бейжің
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/112/28/1122847_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_6ee427ad8abb58aaccab67836564e349.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, бейжің, рейстер
Қытай Алматыдан Бейжіңге тұрақты рейстерді іске қосады
Рейстер Бейжіңдегі жаңа әуежайдан аптасына үш рет орындалады
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қытайдың "China Southern Airlines" әуе компаниясы 25 қаңтардан бастап Алматы – Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін ашады, деп хабарлайды көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті.
"Биыл 10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында енгізілген визасыз режимді ескере отырып, 2024 жылғы 25 қаңтардан бастап "China Southern Airlines" әуе компаниясы Алматы – Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.
Рейстер жаңа "Бейжің Дасин халықаралық әуежайынан" аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі) орындалады. Жолаушыларды Airbus-A320 типті әуе кемелері тасымалдайды.
Айта кетері, China Southern Airlines Қытайдың ең ірі әуе компанияларының үштігіне кіреді. Флот көлемі бойынша Азияның ең ірі әуе тасымалдаушысы және жолаушылар тасымалы көлемі бойынша әлемде 6-шы әуе компания.
Әуе компаниясының 650-ден астам ұшағы бар (A319/320/321/330/350, B737/777/787, ARJ21, C919). Қытайдағы және бүкіл әлемдегі 230-дан астам қалаға ұшады.