https://sputnik.kz/20231225/qazaqstan-mysyr-indoneziya-zhane-baa-men-erkin-sauda-aymaqtaryn-qurady-41180185.html
Қазақстан Мысыр, Индонезия және БАӘ-мен еркін сауда аймақтарын құрады
Қазақстан Мысыр, Индонезия және БАӘ-мен еркін сауда аймақтарын құрады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Қазақстан Сербия, Вьетнам және Иранмен еркін сауда режимінде өзара ынтымақтастық орнатқан 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T15:40+0500
2023-12-25T15:40+0500
2023-12-25T15:40+0500
сауда
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_0:32:2950:1691_1920x0_80_0_0_14d7b96b01a117b701cb097df8a76348.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан билігі Мысыр, Индонезия және Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) құзырлы органдарымен осы елдерде еркін сауда аймақтарын құру туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп мәлімдеді Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.Ол қазіргі уақытта Қазақстан Сербия, Вьетнам және Иранмен еркін сауда режимінде өзара іс-қимыл жасап жатқанын хабарлады.Министрдің айтуынша, отандық өндіріске импорттың шамадан тыс қысымын жою мақсатында ведомствода ішкі нарықты қорғау бойынша штаб құрылған. Отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру үшін Қазақстанда жасалған тауарлар тізілімі жасалады."Тізілім барлық мүдделі тарапт үшін қолжетімді болады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қазақстандық тауар туралы ақпараттың жалғыз көзі болады", - деді министр.Бұған дейін Шаққалиев Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты жеті жылда 90%-ға, ал Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 74%-ға өсіп, 28 миллиард долларға жеткенін хабарлады.2015 жылы Қазақстан 5,1 миллиард доллардың өнімін экспорттаса, 2022 жылы 10 миллиард долларға жуық өнім шығарды.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/08/18071269_122:0:2851:2047_1920x0_80_0_0_e400788a31f90967198cb06b1ae32573.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, қазақстан
Қазақстан Мысыр, Индонезия және БАӘ-мен еркін сауда аймақтарын құрады
Қазіргі уақытта Қазақстан Сербия, Вьетнам және Иранмен еркін сауда режимінде өзара ынтымақтастық орнатқан
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан билігі Мысыр, Индонезия және Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) құзырлы органдарымен осы елдерде еркін сауда аймақтарын құру туралы келіссөз жүргізіп жатыр, деп мәлімдеді Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
"Сингапурмен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойылды, ол мемлекетішілік рәсімдерден өтіп жатыр. Мысыр, Индонезия және Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда аймағын құру туралы келіссөз жүргізілуде", - деді Шаққалиев мәжілістегі үкімет сағатында сөйлеген сөзінде.
Ол қазіргі уақытта Қазақстан Сербия, Вьетнам және Иранмен еркін сауда режимінде өзара іс-қимыл жасап жатқанын хабарлады.
Министрдің айтуынша, отандық өндіріске импорттың шамадан тыс қысымын жою мақсатында ведомствода ішкі нарықты қорғау бойынша штаб құрылған. Отандық тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыру үшін Қазақстанда жасалған тауарлар тізілімі жасалады.
"Тізілім барлық мүдделі тарапт үшін қолжетімді болады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қазақстандық тауар туралы ақпараттың жалғыз көзі болады", - деді министр.
Бұған дейін Шаққалиев Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты жеті жылда 90%-ға, ал Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 74%-ға өсіп, 28 миллиард долларға жеткенін хабарлады.
2015 жылы Қазақстан 5,1 миллиард доллардың өнімін экспорттаса, 2022 жылы 10 миллиард долларға жуық өнім шығарды.