https://sputnik.kz/20231225/qazaqstan-men-qytay-shekarasynda-ondagan-kolik-kepteliste-tur-41180801.html
Қазақстан мен Қытай шекарасында ондаған көлік кептелісте тұр
Қазақстан мен Қытай шекарасында ондаған көлік кептелісте тұр
Sputnik Қазақстан
17 жүк көлігі 11 күннен бері шекарада қоғалыссыз тұр 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T15:58+0500
2023-12-25T15:58+0500
2023-12-25T15:58+0500
шекара бекеті
көлік кептелісі
https://sputnik.kz/img/old/1044/57/10445702_0:90:3320:1958_1920x0_80_0_0_cddfc8a11ad7032d6dd30217a6b385e4.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" кеден бекетінде тауар тиелген ондаған қазақстандық автокөлік 11 күннен бері қоғалыссыз тұр, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы.Тұрып қалу себептерінің бірі – Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тауарды елге шығаруға мақұлдаудың болмауы. Кептеліс кезінде кейбір жүк көлігі мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік тексеруінен қайта өтуге мәжбүр болған. Кәсіпкерлерге тексеру жүргізудің себептері мен нәтижелері көрсетілмей, тексеру актісі ұсынылмаған."Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Қытаймен шекарадағы осы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді.Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевке хат жолдап, Қазақстан-Қытай кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз ұстауына қатысты шағымдар түскенін жеткізді.Ол осы жағдайға тап болған тасымалдаушы компаниялар кедендік ресімдеу, тоқтап қалу, шарттық міндеттемелерді орындамау және басқада кедергілерге байланысты шығындарды көтеріп жатқанын мәлімдеді.Жаркеновтің айтуынша, тура осындай жағдай 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында болған еді. Ол кезде Қытаймен шекарада тұрып қаған көлік саны бірнеше мыңға барды. Шекарадағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс бір ай бойы жүргізілген."Соңғы рет техникалық жағдайларға байланысты көптеген мәселе болуына қарамастан, белгілі бір мүдденің қатысы бары сезілді. Қазіргі уақытта жаңа жыл басталғаннан кейін және онымен бірге тауар айналымының көлемі өсе бастағанда, шекарада қандай да бір техногендік себептермен проблемалар қайтадан пайда болды. Бір жыл бойы кедергі болмай, енді жыл соңына қарай проблемалар туындады"", – деп толықтырды ол."Атамекен" мамандары мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты кеден қызметтерінің басшылығын осы жағдайға араласып, қазір шекарадағы көлік кептелісіне жол бермеуге шақырды.Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, "Jana Post" ЖШС операциялық шығындар, айыппұлдар және жаңа жылға тапсырыс берген клиенттерінің бас тартуын қоса алғанда, кептеліске байланысты айтарлықтай шығынға ұшыраған.Қазіргі кезде компанияға тиесілі 17 жүк көлігі шекарада тұр. 2023 жылғы 21 желтоқсандағы бас көлік прокуратурасына берген мәлімдемесінде "Jana post" басшылығы қозғалыссыз тұрған әр тәулік үшін 25 000 000 теңге көлемінде шығынданып жатқанын жетізген.Айта кетейік, Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесі жоғары деңгейде талқыланып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1044/57/10445702_295:0:3026:2048_1920x0_80_0_0_6955d59d01951304d9b7c00720afbb5e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара бекеті, көлік кептелісі
шекара бекеті, көлік кептелісі
Қазақстан мен Қытай шекарасында ондаған көлік кептелісте тұр
17 жүк көлігі 11 күннен бері шекарада қоғалыссыз тұр
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" кеден бекетінде тауар тиелген ондаған қазақстандық автокөлік 11 күннен бері қоғалыссыз тұр, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы.
Тұрып қалу себептерінің бірі – Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тауарды елге шығаруға мақұлдаудың болмауы. Кептеліс кезінде кейбір жүк көлігі мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік тексеруінен қайта өтуге мәжбүр болған. Кәсіпкерлерге тексеру жүргізудің себептері мен нәтижелері көрсетілмей, тексеру актісі ұсынылмаған.
"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы Қытаймен шекарадағы осы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді.
Кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевке хат жолдап, Қазақстан-Қытай кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз ұстауына қатысты шағымдар түскенін жеткізді.
"Кәсіпкерлер түсірген шағымдарда себептері түсіндірілмей бас диспетчерлік басқармасының өкілдерінің ауызша айтуымен тауарларды шығару мерзімдері 1-2 аптаға дейін созылып жатқаны баяндалған. Кейде жүк көліктері кедендік тексеруден қайта өтуге мәжбүр болған", – деп атап өтті Жаркенов.
Ол осы жағдайға тап болған тасымалдаушы компаниялар кедендік ресімдеу, тоқтап қалу, шарттық міндеттемелерді орындамау және басқада кедергілерге байланысты шығындарды көтеріп жатқанын мәлімдеді.
Жаркеновтің айтуынша, тура осындай жағдай 2022 жылдың аяғы мен 2023 жылдың басында болған еді. Ол кезде Қытаймен шекарада тұрып қаған көлік саны бірнеше мыңға барды. Шекарадағы жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс бір ай бойы жүргізілген.
"Соңғы рет техникалық жағдайларға байланысты көптеген мәселе болуына қарамастан, белгілі бір мүдденің қатысы бары сезілді. Қазіргі уақытта жаңа жыл басталғаннан кейін және онымен бірге тауар айналымының көлемі өсе бастағанда, шекарада қандай да бір техногендік себептермен проблемалар қайтадан пайда болды. Бір жыл бойы кедергі болмай, енді жыл соңына қарай проблемалар туындады"", – деп толықтырды ол.
"Атамекен" мамандары мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты кеден қызметтерінің басшылығын осы жағдайға араласып, қазір шекарадағы көлік кептелісіне жол бермеуге шақырды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, "Jana Post" ЖШС операциялық шығындар, айыппұлдар және жаңа жылға тапсырыс берген клиенттерінің бас тартуын қоса алғанда, кептеліске байланысты айтарлықтай шығынға ұшыраған.
Қазіргі кезде компанияға тиесілі 17 жүк көлігі шекарада тұр. 2023 жылғы 21 желтоқсандағы бас көлік прокуратурасына берген мәлімдемесінде "Jana post" басшылығы қозғалыссыз тұрған әр тәулік үшін 25 000 000 теңге көлемінде шығынданып жатқанын жетізген.
Айта кетейік, Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесі жоғары деңгейде талқыланып жатыр.