https://sputnik.kz/20231225/qazaqstan-bir-zhylda-astyq-eksportyn-24-ke-arttyrdy-41169264.html
Қазақстан бір жылда астық экспортын 24%-ке арттырды
Қазақстан бір жылда астық экспортын 24%-ке арттырды
Sputnik Қазақстан
2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан жалпы құны 1 миллиард доллар болатын 3 миллион 885 мың тонна бидай мен меслин экспорттады 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T15:08+0500
2023-12-25T15:08+0500
2023-12-25T15:08+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_387f0e71976ab65aeccd787e7713a5dc.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық астық экспорты бір жылда 24%-ға өсті, деп хабарлайды "АПК Новости" ақпарат агенттігі.2023 жылдың қаңтар-қазан айларында елден сыртқы нарыққа 3,8 миллион тонна бидай шығарылды.2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан 1 миллиард долларға 3 миллион 885 мың тонна бидай мен меслин экспорттаса, 2022 жылдың осы кезеңінде 963 миллион долларға 3 миллион 131 мың тонна бидай мен меслин сыртқы нарыққа шықты.Өсім көлемі – 24%, құны бойынша өсім – 7%.ТМД елдеріне 2 миллион 726 мың тонна бидай мен меслин жөнелтілді. Өсім 29%-ті құрады.Экспортталған астықтың ең көп көлемі Өзбекстанға тиесілі – 1 миллион 976 мың тонна. Айта кету керек, мұнда 40% деңгейінде айтарлықтай өсім тіркелген.Екінші орында 404 мың тонна көлем және 12% өсіммен Тәжікстан тұр. Үшінші орында Түрікменстан – 19% өсіммен 230 мың тонна.Одан кейін: Әзербайжан. Мұнда көрсеткіш 14%-ке азайып, 104 мың тонна, Ресейде – 62%-ке төмендеп, 9,9 мың тонна, Қырғызстанда – 56%-ке кеміп 1 мың тонна болған.Әлемнің басқа елдеріне келетін болсақ, бұл кезеңдегі ең үлкен нарық Ауғанстан, Қытай, Италия және Түркияға тиесілі.Астық мына елдерге шағын көлемде жөнелтілді: Туниске – 72 мың тонна, Иранға – 54 мың тонна, Латвияға – 34 мың тонна, Испанияға – 19 мың тонна, Швецияға – 10 мың тонна.Польшаға 5,5 мың тонна, Норвегияға – 4,5 мың тонна, Грецияға – 3 мың тонна жөнелтілді.Ең аз экспорт көлемі Нидерландыға – 430 тонна, Германияға – 109 тонна, Моңғолияға – 20 тонна тиесілі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_5346af89dd30f7f6684902bb76b2a4f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Қазақстан бір жылда астық экспортын 24%-ке арттырды
2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан жалпы құны 1 миллиард доллар болатын 3 миллион 885 мың тонна бидай мен меслин экспорттады
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық астық экспорты бір жылда 24%-ға өсті, деп хабарлайды "АПК Новости" ақпарат агенттігі.
2023 жылдың қаңтар-қазан айларында елден сыртқы нарыққа 3,8 миллион тонна бидай шығарылды.
2023 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстан 1 миллиард долларға 3 миллион 885 мың тонна бидай мен меслин экспорттаса, 2022 жылдың осы кезеңінде 963 миллион долларға 3 миллион 131 мың тонна бидай мен меслин сыртқы нарыққа шықты.
Өсім көлемі – 24%, құны бойынша өсім – 7%.
ТМД елдеріне 2 миллион 726 мың тонна бидай мен меслин жөнелтілді. Өсім 29%-ті құрады.
Экспортталған астықтың ең көп көлемі Өзбекстанға тиесілі – 1 миллион 976 мың тонна. Айта кету керек, мұнда 40% деңгейінде айтарлықтай өсім тіркелген.
Екінші орында 404 мың тонна көлем және 12% өсіммен Тәжікстан тұр. Үшінші орында Түрікменстан – 19% өсіммен 230 мың тонна.
Одан кейін: Әзербайжан. Мұнда көрсеткіш 14%-ке азайып, 104 мың тонна, Ресейде – 62%-ке төмендеп, 9,9 мың тонна, Қырғызстанда – 56%-ке кеміп 1 мың тонна болған.
Әлемнің басқа елдеріне келетін болсақ, бұл кезеңдегі ең үлкен нарық Ауғанстан, Қытай, Италия және Түркияға тиесілі.
Ауғанстанға 322 мың тонна астық жөнелтіліп, көлемі 24%-ға артты.
Қытайға – 249 мың тонна, алайда 2022 жылы біздің елден бидай бұл елге жөнелтілмеген.
Италияға – 226 мың тонна, өсім – 47%.
Түркияға –156 мың тонна, өсім 54%.
Астық мына елдерге шағын көлемде жөнелтілді: Туниске – 72 мың тонна, Иранға – 54 мың тонна, Латвияға – 34 мың тонна, Испанияға – 19 мың тонна, Швецияға – 10 мың тонна.
Польшаға 5,5 мың тонна, Норвегияға – 4,5 мың тонна, Грецияға – 3 мың тонна жөнелтілді.
Ең аз экспорт көлемі Нидерландыға – 430 тонна, Германияға – 109 тонна, Моңғолияға – 20 тонна тиесілі.