Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып жатыр

© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыАстанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып жатыр
Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Жазылу
Азық-түлік себетінде күнбағыс майы, қант, ұн, сүт секілді күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл қарсаңында Астанада жылдағы дәстүр бойынша көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акция аясында елордада 4 мыңға жуық отбасы азық-түлік себеттерімен қамтылды.
"Бүгін 1000-ға жуық себет елорданың 5 ауданында әлеуметтік жағынан осал отбасыларға таратылып жатыр. Олар – көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүгедек азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, сүт және т.б.", – деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Оның айтуынша, бүгін жалпы саны 45 тоннадан асатын азық-түлік себеттері жеткізіледі.
"Осындай қайырымдылық іс-шарасына атсалысқаны үшін "Petro Retail" компаниясына алғыс білдіреміз. Сондай-ақ өзге де бизнес өкілдерін, меценаттарды игі іске қатысуға шақырамыз. Қалалық әкімдік мұндай акцияларды жыл сайын ұйымдастырады", - деп сөзін түйіндеді Қуаныш Қайратұлы.
© Photo : Елорда әкімдігінің ресми сайтыАстанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып жатыр
Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2023
Астанада мұқтаж жандарға азық-түлік себеті таратылып жатыр
Айта кетері, елордада "10 игі іс" акциясы аясында бірқатар іс-шара өтіп жатыр. Қайырымдылық іс-шарасы барысында волонтерлер осындай бірнеше мекенжайға барып, қар тазалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі акция әлі де жалғасын табады.
Сонымен қатар осыған дейін ауа райы қолайсыз күндері волонтерлер елорда көшелерінде коммуналдық қызметкерлер мен қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ үлестірген болатын.
Жаңалықтар
0