https://sputnik.kz/20231225/astana-auezhayy-7-zharym-millionynshy-zholaushysyn-qarsy-aldy-41185921.html
Астана әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Астана әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Sputnik Қазақстан
Астана әуежайынан тәулігіне орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T17:20+0500
2023-12-25T17:20+0500
2023-12-25T17:20+0500
астана
астана әуежайы
жолаушы
рекорд
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41183044_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_db7af08a3f65f0021c2d7cd94d5f8126.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.Бұл – Астана әуежайы үшін рекордтық көрсеткіш. Елорда әуежайының 7 жарым миллионыншы жолаушысы KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды.Әуежайдың басқарама төрағасы Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, 2023 жылы Астана халықаралық әуежайынан Әзірбайжан әуе компаниялары, RedSea, AirCairo, MaviGok әуекомпаниялары тұрақты рейстер орындай бастады."Бүгін әуежайымыздың тарихында жаңа рекорд орнады. Былтыр 6 миллион жолаушы қабылдасақ, биыл көрсеткіш 25 пайызға артып, елорда әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр", - деді Жолдасов.Қарашада Астана халықаралық әуежайы Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады. Инвестор елорда әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуді және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде жолаушылар ағынын 2 есе көбейтіп, 14 миллионға жеткізу көзделуде.Астана әуежайынан тәулігіне орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады. 11 айдың көрсеткіші бойынша жыл басынан 30 мың рейс орындалған.
https://sputnik.kz/20231106/almaty-auezhayy-8-millionynshy-zholaushysyn-qarsy-aldy-39961973.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/19/41183044_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_b8ace919299ad671c96694ae1430d883.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, астана әуежайы, жолаушы, рекорд
астана, астана әуежайы, жолаушы, рекорд
Астана әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Астана әуежайынан тәулігіне орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл – Астана әуежайы үшін рекордтық көрсеткіш. Елорда әуежайының 7 жарым миллионыншы жолаушысы KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды.
"Біз Алматыдағы туыстарымызға барып, қонақ болып, үйімізге келе жатырмыз. Бірақ рейстен бізді әуежайдың басшылығының өзі күтіп алып, ерекше қонақ боламыз деп мүлде ойлаған жоқпыз", - деді Сейітқазиевтер отбасының отағасы Бауыржан.
Әуежайдың басқарама төрағасы Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, 2023 жылы Астана халықаралық әуежайынан Әзірбайжан әуе компаниялары, RedSea, AirCairo, MaviGok әуекомпаниялары тұрақты рейстер орындай бастады.
"Бүгін әуежайымыздың тарихында жаңа рекорд орнады. Былтыр 6 миллион жолаушы қабылдасақ, биыл көрсеткіш 25 пайызға артып, елорда әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетіп жатыр", - деді Жолдасов.
Қарашада Астана халықаралық әуежайы Terminals Holding компаниясымен бірлескен жұмысты бастады. Инвестор елорда әуежайындағы ұшу-қону жолағын күрделі жөндеуден өткізуді және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде жолаушылар ағынын 2 есе көбейтіп, 14 миллионға жеткізу көзделуде.
Астана әуежайынан тәулігіне орта есеппен 200-ден аса рейс орындалады. 11 айдың көрсеткіші бойынша жыл басынан 30 мың рейс орындалған.