https://sputnik.kz/20231225/almatyda-avtobus-qaqqan-adamdardyn-zhagdayy-belgili-boldy-41167787.html
Алматыда автобус қаққан адамдардың жағдайы белгілі болды
Алматыда автобус қаққан адамдардың жағдайы белгілі болды
Sputnik Қазақстан
Райымбек даңғылында болған автобус апатынан үш адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен еді 25.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-25T13:49+0500
2023-12-25T13:49+0500
2023-12-25T13:49+0500
алматы
автобус
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматыда автобус апатынан зардап шекендердің жағдайы тұрақты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазды Хабар 24. 36 жастағы автобус жүргізушісі, бас ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. Ал 50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылған. Тағы бір 55 жастағы ер адам жеңіл бас ми жарақатын алды. "50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Оң динамика байқалады. Автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, мидың соғылуы, беттің жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты консервативті ем қабылдап жатыр. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - дейді №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ильдар Құрмаев.Өткен жұма күні кешке Райымбек даңғылында болған автобус апатынан үш адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен еді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған жолаушы сол түні қамауға алынды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, автобус
Алматыда автобус қаққан адамдардың жағдайы белгілі болды
Райымбек даңғылында болған автобус апатынан үш адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен еді
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Алматыда автобус апатынан зардап шекендердің жағдайы тұрақты. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазды
Хабар 24. 36 жастағы автобус жүргізушісі, бас ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты. Ал 50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылған. Тағы бір 55 жастағы ер адам жеңіл бас ми жарақатын алды.
"50 жастағы науқас реанимациядан жарақат бөлімшесіне ауыстырылды. Жағдайы ауыр деп бағаланады. Оң динамика байқалады. Автобус жүргізушісі 36 жастағы әйел ми жарақаты, мидың соғылуы, беттің жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатыр. Жағдайы тұрақты консервативті ем қабылдап жатыр. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - дейді №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ильдар Құрмаев.
Өткен жұма күні кешке Райымбек даңғылында болған автобус апатынан үш адам көз жұмып, төрт адам зардап шеккен еді. Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған жолаушы сол түні қамауға алынды.