https://sputnik.kz/20231224/soltustik-qazaqstanda-belgisiz-zhyrtqysh-bir-otar-qoydy-qyryp-tastady-41151347.html
Солтүстік Қазақстанда белгісіз жыртқыш бір отар қойды қырып тастады
Солтүстік Қазақстанда белгісіз жыртқыш бір отар қойды қырып тастады
Sputnik Қазақстан
Материалдық шығын шамамен 1 миллион теңгені құраған 24.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-24T16:57+0500
2023-12-24T16:57+0500
2023-12-24T16:57+0500
өңірлер
қой
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/270/92/2709237_0:116:1200:791_1920x0_80_0_0_c58a16eabf1930eba6130a749e1e2b43.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында мал шаруашылығы кешендерінің бірінде 50-ге жуық қой қырылды, деп хабарлайды МТРК.Бірер күн бұрын таң ата мал өлексесін бақташы тауып алған. Оқиға орнына полиция шақырылды. Тексеру кезінде бүкіл отардағы малда тістелген және тырналған іздер бар екені анықталды. Малды тамақ тұсынан жаралаған. Бір қойды жартылай жеп қойған."Материалдық шығын алдын ала есептеу бойынша 1 миллион теңгеге жуық қаражатты құрады. Полиция бұл оқиғаға иттердің қатысы барын жоққа шығарып, қойға сілеусін шабуыл жасады деп болжады. Қоршаудан 500 метр жерде олар қар бетінен осы жабайы жануардың табан ізіне ұқсас іздер тапты", - деп хабарлайды басылым.Бірақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мұндай қорытынды жасауға асықпай отыр. Мамандардың айтуынша, өңірдегі жабайы табиғатта, орманда жыртқыш аңдарға азық жеткілікті, олар үй жануарларына шабуыл жасамайды. Бұл сілеусінге тән емес, ол иттің шабуылына көбірек ұқсайды, деп мәлімдеді инспекциядағылар."Санақ қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сілеусін бар. Оның саны көп емес, 40-тан астам. Мұндай шабуыл сілеусінге тән емес. Яғни, сілеусін бұлай азық таппайды, малды жаппай талап-қырмайды", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.
https://sputnik.kz/20231221/qarqaralyda-ush-adamga-qasqyr-shapty-41089676.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/270/92/2709237_64:0:1136:804_1920x0_80_0_0_7876d72e88dddc51ddd4e3539e31b3c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қой, солтүстік қазақстан облысы
қой, солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда белгісіз жыртқыш бір отар қойды қырып тастады
Материалдық шығын шамамен 1 миллион теңгені құраған
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында мал шаруашылығы кешендерінің бірінде 50-ге жуық қой қырылды, деп хабарлайды
МТРК. Бірер күн бұрын таң ата мал өлексесін бақташы тауып алған. Оқиға орнына полиция шақырылды. Тексеру кезінде бүкіл отардағы малда тістелген және тырналған іздер бар екені анықталды. Малды тамақ тұсынан жаралаған. Бір қойды жартылай жеп қойған.
"Материалдық шығын алдын ала есептеу бойынша 1 миллион теңгеге жуық қаражатты құрады. Полиция бұл оқиғаға иттердің қатысы барын жоққа шығарып, қойға сілеусін шабуыл жасады деп болжады. Қоршаудан 500 метр жерде олар қар бетінен осы жабайы жануардың табан ізіне ұқсас іздер тапты", - деп хабарлайды басылым.
Бірақ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мұндай қорытынды жасауға асықпай отыр. Мамандардың айтуынша, өңірдегі жабайы табиғатта, орманда жыртқыш аңдарға азық жеткілікті, олар үй жануарларына шабуыл жасамайды. Бұл сілеусінге тән емес, ол иттің шабуылына көбірек ұқсайды, деп мәлімдеді инспекциядағылар.
"Санақ қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сілеусін бар. Оның саны көп емес, 40-тан астам. Мұндай шабуыл сілеусінге тән емес. Яғни, сілеусін бұлай азық таппайды, малды жаппай талап-қырмайды", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.