Қоғам

"Өтемақы төленеді": желіде Смайыловтың жалған мәлімдемесі тарап жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2023
Жазылу
Алаяқтар мұндай хабарламаларды елімізде және Ресейде бұған дейін де таратқан болатын
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде премьер-министр Әлихан Смайыловтың интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге өтемақы төленетіні туралы жалған мәлімдемесі таралып жатыр, деп хабарлайды Stopfake.kz порталы.
Видеода Қазақстанда "ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі" комитет құрылғаны айтылады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған емес.
"Алаяқтар алданған адамдарға көмектесеміз деп осы жарнаманы таратып жатыр, ал шын мәнінде ақшаны "қайтару" қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Осылайша жауапсыз инвесторлар ұрлаған ақшаны қайтару үшін қайтадан төлеу керек болады. Осы арқылы алаяқтар бір кездері алданып қалған адамдарды тағы да құрығына түсіреді", - деп ескертті портал мамандары.
Мұндай жалған хабарламалар Қазақстанда және Ресейде бұған дейін де тараған. Ол кезде қаржы пирамидаларынан зардап шеккен азаматтарға өтемақы төленетіні жайлы айтылған еді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2023
Қоғам
SIM-картаның мерзімін ұзартуды ұсынатын алаяқтар пайда болды
Жаңалықтар
0