Өңірлер

Ақтауда бірнеше шағын аудан жылу мен ыстық сусыз қалды

© Photo : Пресс-служба акима Актау Ақтаудағы жылу желісіндегі апат
Ақтаудағы жылу желісіндегі апат - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2023
Жазылу
"Каспий жылу, су арнасы" мамандары ақауды тез арада жоюға кірісті
АСТАНА, 24 желтоқсан - Sputnik. Жылу желілеріндегі ақауға байланысты қаланың бірнеше шағын ауданында жылу мен ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Lada.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16-шы ықшам ауданындағы жылу желілеріндегі апатқа байланысты 20А, 16, 17, 18, 19, 20 шағын аудандарда бірқатар үйде жылу мен ыстық су беруге уақытша шектеу енгізілді.
"Оқиға орнында "Каспий жылу, су арнасы" кәсіпорнының мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Ақтау қаласының әкімі жұмыстардың жүргізілуін жеке бақылауына алды.
"Каспий жылу, су арнасы" мекемесінің мамандары ақауды тез арада жоюға кірісті.
Атап айтқанда, мына аудандардағы үйлерге жылу және ыстық су беру уақытша тоқтатылды:
16 шағын аудан, №31,33/3, 33/7,43, 43/1,43/2, 43/3,49,50,55,56,57,59, 60, 61,63,63/1, 63/2,64,67,68,69, 77,79,85, 86,86/1, 89,90, 91,92, 93,94 үйлер;
17 шағын аудан, № 3, 4, 5, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 43, 44, 45, 46, 51, 54, 55, 82, 83, 84, 85, 86, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 101, 102, 103, 104, 105, 107, 110, 112, 113, 115/1,217, 217/1217, 217/1-ші үйлер, колледж, "Оқушылар сарайы", бизнес орталықтары;
18 шағын аудан, №3,18,19,20,21,28 үйлер, "Шаһар Плаза", "Империя Тауэрс" тұрғын үй кешені;
18А шағын аудан толығымен;
19 шағын аудан, №5,13,15 үйлер;
20 шағын аудан, №5,7,17 үйлер;
20А шағын ауданы, №21 үй.
Глава Правительства ознакомился с ходом строительства первого в Казахстане завода по производству алюминиевых и биметаллических радиаторов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.12.2023
Қазақстандағы отбасылардың жартысына жуығы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған
Жаңалықтар
0