https://sputnik.kz/20231224/almatyda-zholdy-zhauyp-tastagan-turgyndar-zhauapqa-tartyldy-41151668.html
Алматыда жолды жауып тастаған тұрғындар жауапқа тартылды
Алматыда жолды жауып тастаған тұрғындар жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Полиция қазақстандықтарға жол қозғалысын заңсыз шектегені үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті 24.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-24T16:12+0500
2023-12-24T16:12+0500
2023-12-24T16:12+0500
қоғам
алматы
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16236752_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_56b0ea34b849fa23e00160397ea11c36.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматыда көшені жауып тастаған River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияның ақпаратынша, кеше Алматыда "River Park" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылу қосуды талап етіп, Мақатаев көшесін жауып тастаған."Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полицейлердің заңды талаптарын орындамау болып саналады. Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң аясында, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын. Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды", - деп мәлімдеді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.Осыған байланысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 4 азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.Тағы тоғыз адам көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Сұлтанбаевтың айтуынша, биыл полиция 16 мыңнан астам ұсақ бұзақылықты, 1700-ден астам бөтеннің мүлкін бүлдіру деректерін анықтады. Қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдірумен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 1,5 мыңға жуық адам қылмыстық жауапқа тартылды.Комитет төрағасы заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
https://sputnik.kz/20230607/astanada-birneshe-uydin-turgyndary-zholdy-zhauyp-tastady--akimdik-zhauap-berdi-35688204.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/08/16236752_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_f0e613df2d8d165a4ece5cd1484ef8c0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тұрғын үй
Алматыда жолды жауып тастаған тұрғындар жауапқа тартылды
Полиция қазақстандықтарға жол қозғалысын заңсыз шектегені үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Алматыда көшені жауып тастаған River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полицияның ақпаратынша, кеше Алматыда "River Park" тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылу қосуды талап етіп, Мақатаев көшесін жауып тастаған.
"Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полицейлердің заңды талаптарын орындамау болып саналады. Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң аясында, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болатын. Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды", - деп мәлімдеді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Осыған байланысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 4 азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Тағы тоғыз адам көлік қозғалысына кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сұлтанбаевтың айтуынша, биыл полиция 16 мыңнан астам ұсақ бұзақылықты, 1700-ден астам бөтеннің мүлкін бүлдіру деректерін анықтады. Қоғамға деген құрметсіздікті білдіретін, бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдірумен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін 1,5 мыңға жуық адам қылмыстық жауапқа тартылды.
Комитет төрағасы заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.