https://sputnik.kz/20231223/zhumysyna-salgyrt-qaragandardy-birden-qyzmetinen-bosatamyn--aqtobe-oblysynyn-akimi-41130062.html
Жұмысына салғырт қарағандарды бірден қызметінен босатамын – Ақтөбе облысының әкімі
Жұмысына салғырт қарағандарды бірден қызметінен босатамын – Ақтөбе облысының әкімі
Sputnik Қазақстан
Асхат Шахаров басшылар мен әкімдердің жұмысын сынға алды 23.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-23T10:54+0500
2023-12-23T10:54+0500
2023-12-23T10:54+0500
ақтөбе облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/17/41128912_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_3fd0445f24691b736d08eb5e4c2b244b.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Өткен он бір айдың қорытындысы бойынша Ақтөбеде өнеркәсіп өндірісі, көтерме сауда және инвестиция тарту көрсеткіштері төмендеген, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі."Үш инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер телімдерін бөлу мәселелері әлі де шешімін таппай отыр. Инвестиция тарту жұмысы мемлекет басшысының тұрақты бақылауында, инвесторлардың мәселелерін жедел шешу үшін арнайы штаб құрылған. Жобаларға инвестиция салуға дайын инвесторлар жер телімдерін бөлу мәселелеріне қатысты қиындықтарға тап болмауы керек. Қала әкімдігіне осы мәселені жедел шешуді тапсырамын", — деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласын дамыту мәселелері қаралған жиында.Өңір басшысы қалатұрғындарынан түсетін арыз-шағымдардың басым бөлігі жолғақатысты екенін атап өтті. Биыл шығындардың өсуіне байланысты бірқатар жоба мерзімінде аяқталмай қалды. Дегенмен жобаларды реттеу процесі баяу.Асхат Шахаров кәсіпкерлік ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, қаланы көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін шешу жөнінде жүйелі шаралар жүргізіп, олардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді міндеттеді.Ол алдағы жылы Ақтөбе қаласын дамытуға қалалық бюджеттен 53,5 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл — соңғы бес жыл мерзімдегі бір жылға бөлінген ең үлкен қаржы."Облыстық бюджеттен де айтарлықтай трансферт сомасы қаралып отыр. Сондай-ақ "Бұхара-Орал" газ құбырының үшінші желісінің құрылысы секілді бірқатар ірі жобаға республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды қосымша қаржыландыру да жоспарланып отыр. Қаржыландыру мәселесінде қиындықтар болмайды, бірақ жұмысты дұрыс ұйымдастыру маңызды", — деді Асхат Шахаров.Қала әкімі Азамат Бекет көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 2024 жылы жалпы құны 15,2 млрд теңге болатын 36 жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын баяндады. Жөнделіп жатқан және салынып жатқан жолдардың ұзындығы — 110 шақырым.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/17/41128912_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_31deb46d2224d8e54f62ace2f7fc2327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы
Жұмысына салғырт қарағандарды бірден қызметінен босатамын – Ақтөбе облысының әкімі
Асхат Шахаров басшылар мен әкімдердің жұмысын сынға алды
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Өткен он бір айдың қорытындысы бойынша Ақтөбеде өнеркәсіп өндірісі, көтерме сауда және инвестиция тарту көрсеткіштері төмендеген, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"Үш инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жер телімдерін бөлу мәселелері әлі де шешімін таппай отыр. Инвестиция тарту жұмысы мемлекет басшысының тұрақты бақылауында, инвесторлардың мәселелерін жедел шешу үшін арнайы штаб құрылған. Жобаларға инвестиция салуға дайын инвесторлар жер телімдерін бөлу мәселелеріне қатысты қиындықтарға тап болмауы керек. Қала әкімдігіне осы мәселені жедел шешуді тапсырамын", — деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласын дамыту мәселелері қаралған жиында.
Өңір басшысы қалатұрғындарынан түсетін арыз-шағымдардың басым бөлігі жолғақатысты екенін атап өтті. Биыл шығындардың өсуіне байланысты бірқатар жоба мерзімінде аяқталмай қалды. Дегенмен жобаларды реттеу процесі баяу.
Асхат Шахаров кәсіпкерлік ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, қаланы көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу мәселесін шешу жөнінде жүйелі шаралар жүргізіп, олардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді міндеттеді.
"Баршаңызды жүктелген міндеттердің орындалуына асқан жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Жұмысына салғырт қарағандар ескерту не басқаша жазаланбайды, бірден орнынан босату жағын қарастырамын", – деді облыс әкімі.
Ол алдағы жылы Ақтөбе қаласын дамытуға қалалық бюджеттен 53,5 миллиард теңге бөлінетінін атап өтті. Бұл — соңғы бес жыл мерзімдегі бір жылға бөлінген ең үлкен қаржы.
"Облыстық бюджеттен де айтарлықтай трансферт сомасы қаралып отыр. Сондай-ақ "Бұхара-Орал" газ құбырының үшінші желісінің құрылысы секілді бірқатар ірі жобаға республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Әлеуметтік маңызы бар жобаларды қосымша қаржыландыру да жоспарланып отыр. Қаржыландыру мәселесінде қиындықтар болмайды, бірақ жұмысты дұрыс ұйымдастыру маңызды", — деді Асхат Шахаров.
Қала әкімі Азамат Бекет көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 2024 жылы жалпы құны 15,2 млрд теңге болатын 36 жобаны жүзеге асыру жоспарланғанын баяндады. Жөнделіп жатқан және салынып жатқан жолдардың ұзындығы — 110 шақырым.