https://sputnik.kz/20231223/pavlodardagy-onkologiya-dispanserinde-khimioterapiyaga-arnalgan-dari-darmek-tausyldy-41131569.html
Павлодардағы онкология диспансерінде химиотерапияға арналған дәрі-дәрмек таусылды
Павлодардағы онкология диспансерінде химиотерапияға арналған дәрі-дәрмек таусылды
Sputnik Қазақстан
Денсаулық сақтау басқармасы химиотерапияға арналған препараттар келесі аптада келеді деп уәде берді 23.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-23T13:41+0500
2023-12-23T13:41+0500
2023-12-23T13:41+0500
онкология
павлодар
https://sputnik.kz/img/07e7/08/10/37726166_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_7ba42fd6bca7c4c5d9991df67ca937f7.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда онкология диспансерінде дәрі-дәрмек таусылды. Дегенмен Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі келесі аптада қосымша дәрі-дәрмек жеткізіліп, ол емделушілердің бұл препараттарға деген қажеттілігін толық қанағаттандырады деп сендірді.Павлодарлықтар облыстық онкология диспансерінде химиотерапиялық препараттардың жоқтығын әлеуметтік желіде жаза бастады."Иә, дәл солай", - деп онкологиялық диспансердегі науқастардың бірі оның сөзін растады. - Жағдай нашарлап кетті, ауруханада дәрі жоқ, ақпанға дейін шыдау керек деп айтты".Денсаулық сақтау басқармасы емделушілер мен олардың туыстарының шағымдарына дер кезінде жауап беріп, дәрі-дәрмек тапшылығының себебін түсіндірді."Бүгінгі таңда облыстардың онкологиялық диспансерлерін дәрілік химиотерапиялық препараттармен республикалық бірыңғай жабдықтаушы "СК-Фармация" ЖШС қамтамасыз етеді. Ол Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне келісімшарт бойынша 2023 жылға бөлінген бюджеттік қаржыландыру бойынша 1 849 296 466,78 теңгеге дәрі-дәрмек жеткізді", - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.Бірақ облыста онкологиялық аурулардың көбеюіне және дәрі-дәрмекке деген қажеттіліктің артуына байланысты диспансер осы жылдың қараша айында 200 660 245,3 теңгеге химиотерапиялық препараттарды сатып алуға қосымша өтінім беруге мәжбүр болған.Бұл ретте олар науқасқа әр нақты жағдайда қандай дәрі қажет екенін және олардың онкологиялық диспансердің дәріханасына келген-келмегенін білуге болатын химиотерапевт дәрігерлердің телефон нөмірлерін берді.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/10/37726166_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_7a9571c21eda2499ba3d9151d64027e7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
онкология, павлодар
Павлодардағы онкология диспансерінде химиотерапияға арналған дәрі-дәрмек таусылды
Денсаулық сақтау басқармасы химиотерапияға арналған препараттар келесі аптада келеді деп уәде берді
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда онкология диспансерінде дәрі-дәрмек таусылды. Дегенмен Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі келесі аптада қосымша дәрі-дәрмек жеткізіліп, ол емделушілердің бұл препараттарға деген қажеттілігін толық қанағаттандырады деп сендірді.
Павлодарлықтар облыстық онкология диспансерінде химиотерапиялық препараттардың жоқтығын әлеуметтік желіде жаза бастады.
"Туысқаныма тағы да химиотерапия жасалуы керек еді. Бірақ оған дәрі-дәрмек жоқ және қашан болатыны белгісіз, күтіңдер депті. Науқастарға қалай бұлай деп айтуға болады", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.
"Иә, дәл солай", - деп онкологиялық диспансердегі науқастардың бірі оның сөзін растады. - Жағдай нашарлап кетті, ауруханада дәрі жоқ, ақпанға дейін шыдау керек деп айтты".
Денсаулық сақтау басқармасы емделушілер мен олардың туыстарының шағымдарына дер кезінде жауап беріп, дәрі-дәрмек тапшылығының себебін түсіндірді.
"Бүгінгі таңда облыстардың онкологиялық диспансерлерін дәрілік химиотерапиялық препараттармен республикалық бірыңғай жабдықтаушы "СК-Фармация" ЖШС қамтамасыз етеді. Ол Павлодар облыстық онкологиялық диспансеріне келісімшарт бойынша 2023 жылға бөлінген бюджеттік қаржыландыру бойынша 1 849 296 466,78 теңгеге дәрі-дәрмек жеткізді", - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бірақ облыста онкологиялық аурулардың көбеюіне және дәрі-дәрмекке деген қажеттіліктің артуына байланысты диспансер осы жылдың қараша айында 200 660 245,3 теңгеге химиотерапиялық препараттарды сатып алуға қосымша өтінім беруге мәжбүр болған.
"Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттарды бірыңғай жеткізуші "СК Фармация" ЖШС ақпаратына сәйкес, дәрі-дәрмек қазір сатып алынған және келесі аптада, яғни 2023 жылдың 25-29 желтоқсаны аралығында облыстық онкологиялық диспансерлерге жеткізіледі. Олардың көлемі келесі жылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілгенге дейін сұранысты қанағаттандырады", - дейді дәрігерлер.
Бұл ретте олар науқасқа әр нақты жағдайда қандай дәрі қажет екенін және олардың онкологиялық диспансердің дәріханасына келген-келмегенін білуге болатын химиотерапевт дәрігерлердің телефон нөмірлерін берді.