Концерт, шоу, қайырымдылық кеші: Астанада жаңа жыл мерекесі қалай аталып өтеді

© санАстана қаласы
Астана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2023
Жазылу
17 желтоқсанда елордадағы ЕХРО алаңында еліміздің бас шыршасы салтанатты түрде жағылды
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Астанада жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтары үшін қойылымдар, концерттер, таңғы мерекелік іс-шаралар, демалыс кештері ұйымдастырылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
23 желтоқсанда сағат 18.00-де елорданың орталық саябағында алғашқы желілік мұз айдыны ашылады. Мұз айдынының ұзындығы 290 метрді құрайды. Ол сағат мұнарасынан басталады (Тұран даңғылының жағындағы орталық саябақтың аумағы).
20-30 желтоқсан аралығында "Жастар" сарайында жаңажылдық ертеңгіліктері өтіп жатыр.
Сол күндері "Жастар" театры көрермендерді Г.Х. Андерсеннің "Қар ханшайымы" ертегісіне шақырады. Қойылымдардың басталуы: сағат 10:00, 13:00, 16:00.
20-31 желтоқсан аралығында қуыршақ театры Қ.Ежембектің "Сиқырлы сағат" ертегісін көрсетеді. Қойылым сағат 14:00 және 16: 00-де өтеді.
23 және 24 желтоқсан күндері Бейбітшілік және келісім сарайында балаларға арнап ертегі көрсетіледі. Басталуы сағат 14.00 және 17.00-де.
Музыкалық жас көрермен театры "Қар ханшайымы" музыкалық ертегісіне шақырады. Ол 25 және 26 желтоқсанда сағат 15:00-де қойылады.
"Наз" мемлекеттік би театрында 28 және 29 желтоқсан күндері "Қош келдің, Жаңа жыл" атты жаңа жылдық ертеңгілік өтеді. Осы күндері Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында балаларға арналған театрландырылған қойылымдар өтеді.
28 желтоқсан күні сағат 15:00-де Абай көшесіндегі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы "Талант-шоу" байқауын дайындап отыр. Дәл тсы күні бір сағаттан кейін Бейбітшілік көшесіндегі Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында "Қош келдің, Жаңа жыл" демалыс кеші басталады.
29 желтоқсан күні сағат 11:00-де "Атамекен "Қазақстан Картасы" Этно-мемориалдық кешені "Жаңа жыл: қорытындылау және болашаққа көзқарас" тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Осы уақытта "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алушыларға арнап мерекелік концерт ұйымдастырылады.
31 желтоқсан күні сағат 11:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сахнасында А.Анатольевтің "Қар ханшайымы" ертегісі көрсетіледі.
31 желтоқсан күні сағат 22:00-де қалалық алаңда, ЕХРО маңында және "Қазақ Елі" монументінің жанындағы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен "Жаңа жыл" мерекелік концерті өтеді.
Елордада мәдени-бұқаралық іс-шаралармен қатар жаңа жылға орай қайырымдылық шаралары да өткізілуде.
25 желтоқсанға дейін Алматы ауданы әкімінің "Жаңа жыл – жаңа үміт, жаңа серпін, жаңа леп!" атты мүмкіндігі шектеулі балалардың, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатысуымен іс-шара өтеді.
Осы күндері көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына арнап тілектерін орындау мақсатында "Сиқырлы таяқша", "Армандар картасы" қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр.
25-29 желтоқсан аралығында сағат 11:00 және 16:00-де Аяз ата мен Ақшақар денсаулығына байланысты үйінен шыға алмайтын балаларды аралап, құттықтайды.
26 желтоқсан күні сағат 11: 00-де "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығы мекеменің сүйемелдеуіндегі отбасылардан шыққан 50 балаға арнап "Қош келдің, Жаңа жыл!" өтеді.
27 желтоқсан күні сағат 11:00-де "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне "Жаңа жылдық ертегі" мерекелік іс-шарасы өтеді.
30 желтоқсанда сағат 08.30-да 2023-2024 қысқы шаңғы маусымының ашылуы өтеді. Бұл іс-шара орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында өтеді. Тіркеу – сағат 08.00-де, басталуы – сағат 10.00-де.
31 желтоқсан күні сағат 20.30-да "Жаңа жылдық жүгіру 2024" жоспарланған. Жарысқа қала тұрғындары, қала қонақтары және спорт әуесқойлары қатыса алады. Бұл жарыстың бағыты Ботаникалық бақтан "Нұр Әлем" павильонына дейін. Қатысушылардың бәрі қатысқаны үшін медальдармен марапатталады.
Жаңалықтар
0