https://sputnik.kz/20231223/germaniya-ukrainaga-qaru-zharaqtyn-zhana-partiyasyn-zhoneltti-41130334.html
Германия Украинаға қару-жарақтың жаңа партиясын жөнелтті
Германия Украинаға қару-жарақтың жаңа партиясын жөнелтті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Германия үкіметінің сайтындағы жаңартылған тізімге сәйкес, бір апта ішінде Германия Украинаға үш Gepard зениттік зеңбірегін... 23.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-23T11:47+0500
2023-12-23T11:47+0500
2023-12-23T11:47+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
германия
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35692241_0:0:3070:1728_1920x0_80_0_0_ddf5030283cde168c6136062b872228e.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Германия үкіметінің сайтындағы жаңартылған тізімге сәйкес, бір апта ішінде Германия Украинаға үш Gepard зениттік зеңбірегін, миналардан тазартуға арналған екі Wisent броньдалған көлігін және он мыңдаған оқ-дәрі жеткізді.Тізімде Германияның Киевке осы уақытқа дейін көрсеткен әскери көмегі туралы мәліметтер жарияланған, деп жазды РИА Новости.Жұма күні жаңартылған тізімде үш Gepard өздігінен жүретін зеңбіректер мен оларға арналған 30 мыңнан астам снаряд жеткізілетіні көрсетілген. Сондай-ақ миналардан тазартуға арналған екі Wisent броньдалған машинасы, Leopard 2 А6 танктеріне арналған белгісіз мөлшердегі оқ-дәрілер, 155 миллиметрлі 2,5 мың артиллериялық снаряд, 40 миллиметрлі 25 мыңнан астам оқ-дәрі, барлауға арналған 10 дана ұшқышсыз ұшу аппараты және оларға арналған қосалқы бөлшектер, екі броньдалған автомобиль, сегіз Zetros жүк көлігі, жартылай тіркемелері бар екі HX81 тартқыш пен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді.Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдады. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресейдің заңды нысанасына айналатынын айтты.Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін мәлімдеді. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында жауынгерлерді даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.
украина
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35692241_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_52812a60609a4d71e3fc574f328f268f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, германия
Германия Украинаға қару-жарақтың жаңа партиясын жөнелтті
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Германия үкіметінің сайтындағы жаңартылған тізімге сәйкес, бір апта ішінде Германия Украинаға үш Gepard зениттік зеңбірегін, миналардан тазартуға арналған екі Wisent броньдалған көлігін және он мыңдаған оқ-дәрі жеткізді.
Тізімде Германияның Киевке осы уақытқа дейін көрсеткен әскери көмегі туралы мәліметтер жарияланған, деп
жазды РИА Новости.
Жұма күні жаңартылған тізімде үш Gepard өздігінен жүретін зеңбіректер мен оларға арналған 30 мыңнан астам снаряд жеткізілетіні көрсетілген. Сондай-ақ миналардан тазартуға арналған екі Wisent броньдалған машинасы, Leopard 2 А6 танктеріне арналған белгісіз мөлшердегі оқ-дәрілер, 155 миллиметрлі 2,5 мың артиллериялық снаряд, 40 миллиметрлі 25 мыңнан астам оқ-дәрі, барлауға арналған 10 дана ұшқышсыз ұшу аппараты және оларға арналған қосалқы бөлшектер, екі броньдалған автомобиль, сегіз Zetros жүк көлігі, жартылай тіркемелері бар екі HX81 тартқыш пен медициналық мақсаттағы бұйымдар жеткізілді.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдады. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресейдің заңды нысанасына айналатынын айтты.
Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізіп, "отпен ойнап жатыр" деп мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаға Батыстан қару-жарақ жөнелту ресей-украин келіссөзінің өтуіне кері әсер ететінін мәлімдеді. Лавров сондай-ақ АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа "тек қару-жарақ жеткізу арқылы емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдердің аумағында жауынгерлерді даярлау арқылы" тікелей араласып жатқанын мәлімдеді.