https://sputnik.kz/20231223/biyl-agroonerkasip-keshenin-subsidiyalauga-500-mlrd-tenge-bolindi-41117452.html
Биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 500 млрд теңге бөлінді
Биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 500 млрд теңге бөлінді
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңгенің субсидиясы мақұлданды 23.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-23T08:00+0500
2023-12-23T08:00+0500
2023-12-23T08:00+0500
субсидиялар
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34800480_322:361:2679:1687_1920x0_80_0_0_5c972c4157846fea58dcdddd62ad9d23.jpg
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.Фермерлерге 14 бағыт бойынша қолдау көрсетіліп келеді. Барлық қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде көрсетіледі. Қазіргі таңда Gosagro.kz жүйесінде 90 мың пайдаланушы тіркелген.Пайдаланушылардың көбеюі мемлекеттік ақпараттық жүйеде енгізілген "күту парағы" механизміне байланысты. Фермерге енді тиісті бюджетті күтудің қажеті жоқ, ол өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта өтініш береді. Мақұлданғаннан кейін өтінім "Күту парағына" түсіп, одан әрі төлем жасалады.Фермерлер арасында ең сұранысқа ие бағыттар:Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңгенің субсидиясы мақұлданды.Мемлекеттік қолдау шараларынан сұраныс аз субсидияларды алып тастау және қаражатты сұраныс жоғары қызметтерге қайта бөлу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні ең тиімсіз 10 субсидия төлқұжаттары алынып тасталды (күн батареялары, бұқаларды жалға алу және т.б.).Бұдан басқа, 2023 жылы фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын бөлу процесі толығымен автоматтандырылды. Оның көлемі жер көлемі мен ауыспалы егісті ескере отырып автоматты түрде есептеледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/0c/34800480_827:389:2558:1687_1920x0_80_0_0_8f2ecf0ac741ef36d8968389a18991ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
субсидиялар, ауыл шаруашылығы
субсидиялар, ауыл шаруашылығы
Биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 500 млрд теңге бөлінді
Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңгенің субсидиясы мақұлданды
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылы агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Фермерлерге 14 бағыт бойынша қолдау көрсетіліп келеді. Барлық қызмет мемлекеттік ақпараттық жүйеде көрсетіледі. Қазіргі таңда Gosagro.kz жүйесінде 90 мың пайдаланушы тіркелген.
"2023 жылы субсидиялауға 500 млрд теңгеге жуық бөлінді: мал шаруашылығы бойынша – 115,9 млрд теңге; өсімдік шаруашылығы және қаржы құралдары бойынша – 318,1 млрд теңге. Сондай-ақ егін және мал шаруашылығын қолдауға үкімет резервінен тағы 60 млрд теңге бөлінді", - деп жазылған хабарламада.
Пайдаланушылардың көбеюі мемлекеттік ақпараттық жүйеде енгізілген "күту парағы" механизміне байланысты. Фермерге енді тиісті бюджетті күтудің қажеті жоқ, ол өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта өтініш береді. Мақұлданғаннан кейін өтінім "Күту парағына" түсіп, одан әрі төлем жасалады.
Фермерлер арасында ең сұранысқа ие бағыттар:
мал шаруашылығын субсидиялау (қаржыландыру көлемі – 115 млрд теңге);
пестицидтерді субсидиялау (32 млрд теңге);
тыңайтқыштарды субсидиялау (33 млрд теңге);
инвестициялық субсидиялар (110 млрд теңге);
тұқымдарды субсидиялау (11 млрд теңге);
өнімді қайта өңдеуді субсидиялау (20 млрд теңге);
пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (83 млрд теңгеден астам).
Бүгінгі таңда 307 877 өтінім түсті және жалпы құны 401 млрд теңгенің субсидиясы мақұлданды.
Мемлекеттік қолдау шараларынан сұраныс аз субсидияларды алып тастау және қаражатты сұраныс жоғары қызметтерге қайта бөлу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні ең тиімсіз 10 субсидия төлқұжаттары алынып тасталды (күн батареялары, бұқаларды жалға алу және т.б.).
Бұдан басқа, 2023 жылы фермерлер үшін арзандатылған дизель отынын бөлу процесі толығымен автоматтандырылды. Оның көлемі жер көлемі мен ауыспалы егісті ескере отырып автоматты түрде есептеледі.