Экономика

Үкімет алдағы жылдары ет, бидай және сүт өңдеу жобаларына басымдық береді

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ірі жобаларды іске асыру бойынша СҚО тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмысы жалғасады
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қолдауға басымдық береді.
Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
Жиынға қатысушылар ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, импортты алмастыратын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу шараларын, сондай-ақ жеңілдікпен несие беру, субсидиялау, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және басқа да бірқатар мәселені талқылады.
"Алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық беріледі. Атап айтқанда, АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмыстары жалғасады", - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр мемлекет әрі қарай да ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте негізгі мақсаттардың қатарында сапалы азық-түлік өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру шаралары бар.
Сондай-ақ Смайылов мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті. Бұл қолдағы қорларды іске қосуға, жаңа субсидиялау тәсілдерін әзірлеуге, жобаларды сапалы түрде іріктеуге және тауар өндірушілердің қарсы міндеттемелерді сақтауына да қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша премьер укілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.
Флаги стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2023
Қазақстан ЕАЭО елдерінің ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ең көп қысқартқан
Жаңалықтар
0