https://sputnik.kz/20231222/qazaqstandyqtar-arnayy-aleumettik-tolemnin-kolemin-oz-betinshe-eseptey-alady-41119037.html
Қазақстандықтар арнайы әлеуметтік төлемнің көлемін өз бетінше есептей алады
Қазақстандықтар арнайы әлеуметтік төлемнің көлемін өз бетінше есептей алады
Sputnik Қазақстан
Әңгіме 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды жұмыста істейтін адамдарға берілетін төлем туралы болып отыр 22.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-22T20:31+0500
2023-12-22T20:31+0500
2023-12-22T20:31+0500
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26239308_0:322:3067:2047_1920x0_80_0_0_35f76b58a924070d8104607200772839.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. HR Enbek еңбек ресурстары порталындағы жеке кабинетте зиянды жұмыста істейтін адамдарға берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін алдын ала есептеуге арналған калькулятор енгізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.Калькуляторды қолдану үшін пайдаланушы-жұмыскер электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы верификациядан өтуге тиіс.Жеке кабинетте тексеруден өткеннен кейін "Профиль" бөлімінде "Қызметкердің деректері" қосымша бетінде төлемнің алдын ала мөлшерін есептеуге болады.Бұл ретте үш белгі бойынша есептеу жүргізіледі:Алдын ала есептеулердің кез келген түрі келесі деректерді қамтиды:Сонымен қатар МКЗЖ, МЗЖ және МКЗЖ жинақтау есебінен БЖЗҚ-дан төлем алынуы мүмкін.Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға 55 жасқа толған кезде және олар үшін кемінде 7 жыл МКЗЖ төленсе арнаулы әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі беріледі.Арнаулы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Сондай-ақ оны алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауысып, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/14/26239308_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_6e63ce663aa825d3901a25abf966e208.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстандықтар арнайы әлеуметтік төлемнің көлемін өз бетінше есептей алады
Әңгіме 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап зиянды жұмыста істейтін адамдарға берілетін төлем туралы болып отыр
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. HR Enbek еңбек ресурстары порталындағы жеке кабинетте зиянды жұмыста істейтін адамдарға берілетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін алдын ала есептеуге арналған калькулятор енгізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Калькуляторды қолдану үшін пайдаланушы-жұмыскер электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы верификациядан өтуге тиіс.
Жеке кабинетте тексеруден өткеннен кейін "Профиль" бөлімінде "Қызметкердің деректері" қосымша бетінде төлемнің алдын ала мөлшерін есептеуге болады.
Бұл ретте үш белгі бойынша есептеу жүргізіледі:
1.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төлемсіз;
2.
БЖЗҚ-дан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) жинақтау есебінен төлеу;
3.
БЖЗҚ-дан МКЗЖ және міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) жинақтау есебінен төлеу.
Алдын ала есептеулердің кез келген түрі келесі деректерді қамтиды:
жұмыс беруші айларда аударған МКЗЖ саны,
арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері,
өмірді сақтандыру компаниясынан төлем,
Сонымен қатар МКЗЖ, МЗЖ және МКЗЖ жинақтау есебінен БЖЗҚ-дан төлем алынуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарға 55 жасқа толған кезде және олар үшін кемінде 7 жыл МКЗЖ төленсе арнаулы әлеуметтік төлем алу мүмкіндігі беріледі.
Арнаулы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа дейін төленеді. Сондай-ақ оны алу үшін еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналыспауға тиіс. Жұмыскерлер жеңіл жұмысқа ауысып, содан кейін олар жалақы мен төлем алады немесе демалысқа шығып, зейнеткерлік жасқа толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем алады.