https://sputnik.kz/20231222/qazaqstan-men-qytay-su-bolu-maselesi-boyynsha-kelissoz-zhurgizip-zhatyr-41099107.html
Қазақстан мен Қытай су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр
Қазақстан мен Қытай су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды 22.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-22T07:00+0500
2023-12-22T07:00+0500
2023-12-22T07:00+0500
қытай
су
https://sputnik.kz/img/510/67/5106781_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_9251afc393b8797cc7cbb1cfca770e24.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі."Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар", - деп жазылған хабарламада.Бүгінгі таңда қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазақстанның мүддесін жұмыс тобына кіретін 20 адам қорғайды.Бүгінде тараптар су бөлу мәселесі бойынша келісімнің бірқатар бабы бойынша ортақ шешімге келді.Оның айтуынша бір тарап шлюзді көбірек немесе азырақ ашқысы келсе, екінші жағына да автоматты түрде тура сондай көлемде су ағады.Осындай үлгіде Сүмбе өзенінің бойынадағы нысанға реконструкция жасалған. Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Ұласты деген өзенде де екі тарапқа ортақ нысан салу туралы келісім бар.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/510/67/5106781_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_383124f6164b08cc64b5b9cdb343ac1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, су
Қазақстан мен Қытай су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр
Қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен су бөлу мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Су ресурстары және ирригация министрлігі Қытаймен 20-дан астам өзен бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оның ішінде үш ірі трансшекаралық өзен: Ертіс, Іле және Емел бар", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда қос мемлекет арасында су бөлу мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған. Қазақстанның мүддесін жұмыс тобына кіретін 20 адам қорғайды.
Бүгінде тараптар су бөлу мәселесі бойынша келісімнің бірқатар бабы бойынша ортақ шешімге келді.
"Қазақстан мен Қытайға ортақ Қорғас өзені бар. Екі мемлекетті бөліп ағатын өзеннің бойында Қытаймен бірлесіп ортақ гидротехникалық нысан салдық. Оның жұмысы 100% автоматтандырылған және шлюздері су шекара сызығының екі жағына бірдей ағатындай етіп жасалған", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оның айтуынша бір тарап шлюзді көбірек немесе азырақ ашқысы келсе, екінші жағына да автоматты түрде тура сондай көлемде су ағады.
Осындай үлгіде Сүмбе өзенінің бойынадағы нысанға реконструкция жасалған. Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысында Үлкен Ұласты деген өзенде де екі тарапқа ортақ нысан салу туралы келісім бар.