https://sputnik.kz/20231222/nura-audanynda-turgyn-uy-kesheninin-ornyna-eki-gulzar-salyndy-41108938.html
Астананың Нұра ауданында тұрғын үй кешенінің орнына екі гүлзар салынды
Астананың Нұра ауданында тұрғын үй кешенінің орнына екі гүлзар салынды
Sputnik Қазақстан
Нұра ауданында 200 нысанның құрылысы жүріп жатыр 22.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-22T08:49+0500
2023-12-22T08:49+0500
2023-12-22T08:55+0500
елорда тынысы
астана
https://sputnik.kz/img/1094/63/10946374_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_d5ff10a50028047c0112c7a463d2af65.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Елорданың Нұра ауданында көпқабатты тұрғын үй кешендерінің орнына гүлзарлар орнатылды. Бұл туралы аудан әкімі Жүсіп Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.Айтматова-Сығанақ көшелерінің қиылысында бір гектар алаң бос болды."Жағалау" тұрғын үй кешенінің жанында 2000-нан астам отбасы тұрады. Осыған дейін мұнда көлік тұрағы бар 12 қабатты көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланған болатын. Қазір бұл орынға 500-ден астам ағаш, көпжылдық гүлдер отырғызылды, тротуар желілері мен демалыс аймақтары абаттандырылды.Тұран даңғылында фитнес орталығы бар тұрғын үй кешенінің орнындағы тағы бір алаң пайда болды.Айта кетейік, биыл Нұра ауданында 5 гүлзар абаттандырылды. Олардың 2-еуі – Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында орналасқан.Сондай-ақ, құтқарушылар күніне орай Керей-Жәнібек хандар көшесінде Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында құтқарушыларды еске алуға арналған өрт сөндірушінің бюсті орнатылған қоғамдық кеңістік ашылды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1094/63/10946374_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_7399e02da2fc1110a7cc51d4ea469303.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астананың Нұра ауданында тұрғын үй кешенінің орнына екі гүлзар салынды
08:49 22.12.2023 (жаңартылды: 08:55 22.12.2023) Нұра ауданында 200 нысанның құрылысы жүріп жатыр
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Елорданың Нұра ауданында көпқабатты тұрғын үй кешендерінің орнына гүлзарлар орнатылды. Бұл туралы аудан әкімі Жүсіп Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
Айтматова-Сығанақ көшелерінің қиылысында бір гектар алаң бос болды.
"Жағалау" тұрғын үй кешенінің жанында 2000-нан астам отбасы тұрады. Осыған дейін мұнда көлік тұрағы бар 12 қабатты көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланған болатын. Қазір бұл орынға 500-ден астам ағаш, көпжылдық гүлдер отырғызылды, тротуар желілері мен демалыс аймақтары абаттандырылды.
Тұран даңғылында фитнес орталығы бар тұрғын үй кешенінің орнындағы тағы бір алаң пайда болды.
"Нұра ауданында келесі жылға жоспарланған нысандар туралы айтпағанда, 200 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың әрқайсысын салу және одан әрі пайдалануға беру – бұл қала экономикасына, жұмыс орындарын құруға қосқан үлесі ғана емес, сонымен қатар барлық инфрақұрылымды жаңадан салу", - деді Жүсіп Жұмағұлов.
Айта кетейік, биыл Нұра ауданында 5 гүлзар абаттандырылды. Олардың 2-еуі – Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында орналасқан.
Сондай-ақ, құтқарушылар күніне орай Керей-Жәнібек хандар көшесінде Асқар Забикулин атындағы №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жанында құтқарушыларды еске алуға арналған өрт сөндірушінің бюсті орнатылған қоғамдық кеңістік ашылды.