Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы басталды

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өту2023 жылғы Андрей Стенина атындағы фотожурналистика байқауының Гран-при иегерін және жеңімпаздарын жариялау рәсімі
2023 жылғы Андрей Стенина атындағы фотожурналистика байқауының Гран-при иегерін және жеңімпаздарын жариялау рәсімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
Стенин байқауы халықаралық фотоафишадағы маңызды шара саналады
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Мәскеуде Андрей Стенинді еске алуға арналған жас фотографтардың арасындағы оныншы халықаралық байқауға жұмыстарды қабылдау басталды.
Мерейтойлық датаға орай ұйымдастыру комитеті номинациялар санын жаңарту туралы шешім қабылдады. Дәстүрлі төрттікке – "Басты жаңалықтар", "Спорт", "Менің ғаламшарым" және "Портрет. Қазіргі заман қаһарманы" номинацияларына тағы біреуі – "Жоғарыдан қараған көрініс" қосылды. Ол байқауға қатысушыларды фотоаппарат, ұялы телефон камерасы немесе квадрокоптер сияқты түрлі құрылғылардың көмегімен жаңа көріністерді бейнелеуге шақырады.
© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өту2023 жылғы Андрей Стенина атындағы фотожурналистика байқауының Гран-при иегерін және жеңімпаздарын жариялау рәсімі
Церемония объявления Гран-при и победителей конкурса фотожурналистики имени Андрея Стенина 2023 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
2023 жылғы Андрей Стенина атындағы фотожурналистика байқауының Гран-при иегерін және жеңімпаздарын жариялау рәсімі
"Басты жаңалықтар", "Менің ғаламшарым" және "Портрет. Қазіргі заман қаһарманы" номинацияларында санаттар саны өзгерген жоқ, олар бұрынғыдай екеуі болады: жалғыз сурет және суреттер топтамасы. "Спорт" және "Жоғарыдан қараған көрініс" номинацияларына тек жалғыз суреттер қатыса алады.
"Біз әріптесіміз әрі әскери тілші Андрей Стенинді еске алуға арналған оныншы мерейтойлық байқауды бастағанымызға өте қуаныштымыз. Он жыл ішінде ол тәуекелге барудан және ізденуден қорықпайтын жас дарынды фотографтар үшін біліктілікті шыңдайтын көпұлтты алаңға айналды", - дейді Андрей Стенин атындағы байқаудың кураторы Оксана Олейник.
18 бен 33 жас аралығындағы фотгораф мамандар конкурстың веб-сайтына орыс, ағылшын және қытай тілдерінде өтінімдерін жолдай алады. 2024 жылы байқауға өтінімдерді қабылдау 15 наурызға дейін жүргізіледі.
2024 жылғы байқаудың жүлде қоры әр номинация бойынша бірінші, екінші және үшінші орын үшін 125, 100 және 75 мың рубльді құрайды. Стенин атындағы байқаудың ең жоғары марапаты – Гран-при иегері 700 мың рубль алады.
© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өту2023 жылғы Андрей Стенина атындағы фотожурналистика байқауының Гран-при иегерін және жеңімпаздарын жариялау рәсімі
Церемония объявления Гран-при и победителей конкурса фотожурналистики имени Андрея Стенина 2023 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
2023 жылғы Андрей Стенина атындағы фотожурналистика байқауының Гран-при иегерін және жеңімпаздарын жариялау рәсімі
Жаңа жылдағы байқау жеңімпаздарының ресейлік және шетел қалаларына экскурсия жасау дәстүрін де сақтайды. Байқау жеңімпаздарының көрмелерін Қытай, Оңтүстік Африка, Мексика, Аргентина, Уругвай, Колумбия, Конго, Түркия, Ливан, Германия, Испания, Италия, Греция, Венгрия, Польша, Мысыр және басқа елдердегі көрермендер тамашалады.
2023 жылы Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы ірі ресейлік және халықаралық БАҚ, ақпарат агенттіктері және фотографтар қауымдастығының қолдауымен өтті. Байқаудың екі номинациясына Al-Mayadeen TV жалпыарабиялық ақпараттық холдингі серіктес болды.

Байқау туралы

Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл дарынды, сезімтал және адамдар мен оқиғаларға жіті назар аударатын барлық жаңашылдыққа бейім жас фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы (Халықаралық), RT телеарнасы және порталы (Халықаралық), Independent Media холдингі (Оңтүстік Африка Республикасы), ANA ақпарат агенттігі (Оңтүстік Африка Республикасы), Shanghai United Media Group (SUMG) (Қытай), China Daily газетінің интернет-порталы (Қытай), The Paper интернет-порталы (Қытай), Al Mayadeen медиа желісі (Ливан).
Жаңалықтар
0