"Жолаушы жүргізушіні ұрып, естен тандырған": Алматыда автобус үш адамды қағып өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2023
Жазылу
Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы мен фотосы жарияланды
АЛМАТЫ, 22 желтоқсан – Sputnik. Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. Автобус жүргізушісі аялдамада үш адамды қағып өлтірді, деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға 22 желтоқсанда сағат 18:15-те болған.
"47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді басынан ұрған. Салдарынан автобус жүргізушісі есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақатын алды", - деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендердің арасында бала бар. 15 жастағы жәбірленушінің табан сүйегі сынған. Тағы 3 ересек адам жабық ми жарақатын алды, миы шайқалды деген диагнозбен ауруханаға жеткізілді, бір науқастың жамбас сүйегі сынған.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталып, ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтар
0