https://sputnik.kz/20231222/9-su-qoymasyn-saluga-investorlar-tartu-ushin-kelissoz-zhurip-zhatyr--ministrlik-41110550.html
9 су қоймасын салуға инвесторлар тарту үшін келіссөз жүріп жатыр – министрлік
9 су қоймасын салуға инвесторлар тарту үшін келіссөз жүріп жатыр – министрлік
Sputnik Қазақстан
Жаңа су қоймалары көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті 25 процентке азайтады деп болжанып отыр 22.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-22T10:17+0500
2023-12-22T10:17+0500
2023-12-22T10:17+0500
қоғам
су
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820299_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_6ccf522b647cfd3b107f6e079f311896.jpg
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті 25%-ке азайту үшін жоспарланған жаңа 20 су қоймасының 9-ының құрылысы бойынша жұмысты бастады.Министрліктің ақпаратынша, жаңа су қоймаларын қолданысқа беру тәуелділікті төмендетіп қана қоймай, суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға дейін ұлғайтуға және 137 мыңнан астам тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.Бұған дейін су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген болатын. Құжат су қоймаларын салу және реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді және топтық су құбырларын реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды қамтиды."Кешенді жоспар бірнеше кезеңде іске асырылады. Мәселен, 2024-2026 жылдары 11 облыс аумағында 2,4 текше шақырым су жинауға болатын 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.Оның айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру қолда бар су ресурстарының көлемін 3,7 текше шақырымға арттыруға, суармалы жерлердің ауданын 2,2 млн гектарға дейін кеңейтуге, суармалы судың жыл сайынғы шығынын азайтуға және оның жалпы көлемін 3 текше шақырымға дейін арттыруға, сондай-ақ 55 мыңнан астам халқы бар 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20231221/qazaqstanda-su-tapshylygy-bola-ma--ministr-zhauap-berdi-41090299.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/10/16820299_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_d1f2a478fc4457d31e3578df8cdd3d8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су, инвестиция
9 су қоймасын салуға инвесторлар тарту үшін келіссөз жүріп жатыр – министрлік
Жаңа су қоймалары көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті 25 процентке азайтады деп болжанып отыр
АСТАНА, 22 желтоқсан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі көршілес елдердің су ресурстарына тәуелділікті 25%-ке азайту үшін жоспарланған жаңа 20 су қоймасының 9-ының құрылысы бойынша жұмысты бастады.
Министрліктің ақпаратынша, жаңа су қоймаларын қолданысқа беру тәуелділікті төмендетіп қана қоймай, суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға дейін ұлғайтуға және 137 мыңнан астам тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
"Қазіргі уақытта 9 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сондай-ақ, жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша да белсенді келіссөздер жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Бұған дейін су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын әзірлеген болатын. Құжат су қоймаларын салу және реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды, ирригациялық жүйелерді және топтық су құбырларын реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
"Кешенді жоспар бірнеше кезеңде іске асырылады. Мәселен, 2024-2026 жылдары 11 облыс аумағында 2,4 текше шақырым су жинауға болатын 20 жаңа су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Оның айтуынша, кешенді жоспарды іске асыру қолда бар су ресурстарының көлемін 3,7 текше шақырымға арттыруға, суармалы жерлердің ауданын 2,2 млн гектарға дейін кеңейтуге, суармалы судың жыл сайынғы шығынын азайтуға және оның жалпы көлемін 3 текше шақырымға дейін арттыруға, сондай-ақ 55 мыңнан астам халқы бар 41 елдімекенді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.