Қысқы каникул - 2023/2024: оқушылар неше күн демалады

© Sputnik/Ертай Сарбасов1 сентября 2023 года в Алматы
1 сентября 2023 года в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2023
Жазылу
Оқушылардың қысқы демалысы 10 күнге созылады
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Оқушылардың қысқы демалысы 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
© Photo2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2023
2023/2024 оқу жылы: демалыс күнтізбесі
Мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді өткізуі үшін "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" деген атаумен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Олардың қатарында:
ғылыми жоба жұмыстары мазмұны туралы ақпараттық-танымдық сабақтар ұйымдастыруда жоғары сынып оқушылары мен ата-аналар бірлесе ЖОО-ның оқытушыларымен кездесу, ғылыми жоба туралы сұхбат жүргізу;
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Үнемі оқитын адам – табысты адам" тақырыбында оқырмандармен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау;
"Ұлттық мектеп лигасы" жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" спорттық ойындар өткізу;
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында "Мен оқыған бір ертегі", "Парасаттылық туралы" тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;
"Ата-аналар мектебі" жобасын орындауда "Қыз намысы – ұлт намысы", "Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен", "Отбасылық таланттар" тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;
құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар бар.
Жаңалықтар
0