https://sputnik.kz/20231221/euraziya-aymagynda-ozara-investitsiya-tartu-zhagynan-qazaqstan-kosh-bastap-tur-41100691.html
Еуразия аймағында өзара инвестиция тарту жағынан Қазақстан көш бастап тұр
Еуразия аймағында өзара инвестиция тарту жағынан Қазақстан көш бастап тұр
Sputnik Қазақстан
Өңірде бір-біріне ақша салатын мемлекеттер көп жағдайда шикізат салаларын таңдайды 21.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-21T21:15+0500
2023-12-21T21:15+0500
2023-12-21T21:15+0500
еаэо
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613377_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_71a2c3299698090830f3c1452aa7611a.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылдың алғашқы алты айының ішінде Еуразия аймағындағы елдердің өзара тікелей инвестициялары 48,8 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Еуразиялық даму банкінің есебіне сәйкес, Қазақстан инвестиция тарту жағынан көш бастап тұр. Оның үлесі 27,2 процентті құрады. Одан кейін Өзбекстан (19,8%), Беларусь (12,0%), Ресей (9,8%) мен Әзербайжан (8,7%) келеді.Еуразия аймағында бір-біріне ақша салатын мемлекеттер көп жағдайда шикізат салаларын таңдайды. Оған құйылған қаржының көлемі 37 процентке дейін артты. 2016 жылы бұл көрсеткіш 29 процент болған. Бұдан бөлек, бірлескен жобалардың саны да өсіп келеді. Өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялардың көлемі 18 процентке жетті. Ал қаржы қызметтерінің үлесі, керісінше, 8 процентке дейін төмендеп қалды."2023 жылы бірінші жартыжылдықта Орталық Азияда өзара тікелей инвестициялардың көлемі 1,1 млрд долларды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық. Өзара қаржы салынған негізгі бағыттар: шикізат салалары, өңдеуші өнеркәсіп пен қаржы қызметтері. Ал аймақтағы негізгі инвесторлар – Қазақстан мен Өзбекстан", - делінген банк талдауында.Жалпы, аймақтағы өзара инвестиция салу жағынан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үлесі арта береді. Сондай-ақ сарапшылар өңдеуші өнеркәсіп өседі және көлік-логистика саласына деген қызығушылық артады деп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613377_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_5a9a97199697fac82f36b6eeefe3c508.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, инвестиция
Еуразия аймағында өзара инвестиция тарту жағынан Қазақстан көш бастап тұр
Өңірде бір-біріне ақша салатын мемлекеттер көп жағдайда шикізат салаларын таңдайды
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. 2023 жылдың алғашқы алты айының ішінде Еуразия аймағындағы елдердің өзара тікелей инвестициялары 48,8 млрд долларға жетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Еуразиялық даму банкінің есебіне сәйкес, Қазақстан инвестиция тарту жағынан көш бастап тұр. Оның үлесі 27,2 процентті құрады. Одан кейін Өзбекстан (19,8%), Беларусь (12,0%), Ресей (9,8%) мен Әзербайжан (8,7%) келеді.
Еуразия аймағында бір-біріне ақша салатын мемлекеттер көп жағдайда шикізат салаларын таңдайды. Оған құйылған қаржының көлемі 37 процентке дейін артты. 2016 жылы бұл көрсеткіш 29 процент болған. Бұдан бөлек, бірлескен жобалардың саны да өсіп келеді. Өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестициялардың көлемі 18 процентке жетті. Ал қаржы қызметтерінің үлесі, керісінше, 8 процентке дейін төмендеп қалды.
"2023 жылы бірінші жартыжылдықта Орталық Азияда өзара тікелей инвестициялардың көлемі 1,1 млрд долларды құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артық. Өзара қаржы салынған негізгі бағыттар: шикізат салалары, өңдеуші өнеркәсіп пен қаржы қызметтері. Ал аймақтағы негізгі инвесторлар – Қазақстан мен Өзбекстан", - делінген банк талдауында.
Жалпы, аймақтағы өзара инвестиция салу жағынан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үлесі арта береді. Сондай-ақ сарапшылар өңдеуші өнеркәсіп өседі және көлік-логистика саласына деген қызығушылық артады деп отыр.