https://sputnik.kz/20231221/antikor-sport-salasyndagy-zhemqorlyq-tauekelderge-taldau-zhurgizedi-41079492.html
Антикор спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерге талдау жүргізеді
Антикор спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерге талдау жүргізеді
Sputnik Қазақстан
Талдауды агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді 21.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-21T07:31+0500
2023-12-21T07:31+0500
2023-12-21T07:31+0500
қоғам
сыбайлас жемқорлық
туризм
мәдениет және спорт министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37358137_0:147:1500:991_1920x0_80_0_0_4ffd865131ac212003c957beb8b339e7.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.Талдау аясында туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалатын болады. Талдауды агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді."Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады. Егер Сізде жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз karipova.a@antikor.gov.kz.", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/08/37358137_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_25fcd59ae07e02814afd550138738322.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыбайлас жемқорлық, туризм, мәдениет және спорт министрлігі
сыбайлас жемқорлық, туризм, мәдениет және спорт министрлігі
Антикор спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдерге талдау жүргізеді
Талдауды агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Талдау аясында туризм және спорт министрлігінің, оның ішінде оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне талдау жасалатын болады.
"Бұдан басқа, спорттық іс-шараларды, жиындарды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іссапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенетін болады", делінген хабарламада.
Талдауды агенттіктің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері және азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.
"Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдау жүргізуге қатысуға шақырады. Егер Сізде жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болса, оларды электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз
karipova.a@antikor.gov.kz.", - деп хабарлады ведомстводағылар.