https://sputnik.kz/20231221/30-dan-astam-poyyz-keshikti-qtzh-zhambyl-oblysyndagy-zhagdayga-qatsty-tusinik-berdi-41082716.html
30-дан астам пойыз кешікті: ҚТЖ Жамбыл облысындағы жағдайға қатысты түсінік берді
30-дан астам пойыз кешікті: ҚТЖ Жамбыл облысындағы жағдайға қатысты түсінік берді
Sputnik Қазақстан
Шымкент-Тараз және Шу-Отар темір жол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді 21.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-21T10:03+0500
2023-12-21T10:03+0500
2023-12-21T10:04+0500
теміржол
теміржол тасымалдаушысы
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/11/40998147_16:0:1804:1006_1920x0_80_0_0_2e2c71b04fb4eff7febc71076de57db4.jpg
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында жарияланған төтенше жадай кезінде 30-дан астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен кешікті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.Пойыздар қозғалысын үйлестіру үшін барлық қатысы бар қызметтер мен көліктегі полиция департаменті басшылығының қатысуымен жедел штаб құрылды.Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшінТеміржолшылар электровозды тез арада тепловозға ауыстырды.Вагондар жолсеріктері жолаушыларға орын алған жағдай туралы түсіндіріп, қажетті көмек көрсеткен."Ұлттық тасымалдаушы 10,8 мың жолаушыға тамақ ұйымдастырды (оның 5,7 мыңы - вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда, 5,1 мыңнан астамы – Шу, Шымкент және Отар станцияларында). Құрамдар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мейрамхана вагондары штаттық режимде жұмыс істеді", - делінген хабарламада.Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде теміржолшылар 11 мың текше метр қар шығарды.Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін билет кассалары тәулік бойы жұмыс істеді. 14-18 желтоқсан аралығында тоқтатылған пойыздардың 5 мыңнан астам билеті қайтарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/11/40998147_240:0:1581:1006_1920x0_80_0_0_ca05929087e8bad3b03a982e26103fda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, теміржол тасымалдаушысы
теміржол, теміржол тасымалдаушысы
30-дан астам пойыз кешікті: ҚТЖ Жамбыл облысындағы жағдайға қатысты түсінік берді
10:03 21.12.2023 (жаңартылды: 10:04 21.12.2023) Шымкент-Тараз және Шу-Отар темір жол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты пойыздар қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізілді
АСТАНА, 21 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында жарияланған төтенше жадай кезінде 30-дан астам жолаушылар пойызы қозғалыс кестесінен кешікті, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.
Пойыздар қозғалысын үйлестіру үшін барлық қатысы бар қызметтер мен көліктегі полиция департаменті басшылығының қатысуымен жедел штаб құрылды.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кестені түзету үшін
Астана – Алматы – Астана,
Алматы – Жезқазған бағыттары бойынша алты жолаушылар пойызының жүруі тоқтатылды.
"Қарлы циклон өңірде электр энергиясының өшуіне себеп болды, соның салдарынан "Алматы 2 – Атырау" жолаушылар пойызы мәжбүрлі түрде тоқтады", - деп атап өтті компания.
Теміржолшылар электровозды тез арада тепловозға ауыстырды.
Вагондар жолсеріктері жолаушыларға орын алған жағдай туралы түсіндіріп, қажетті көмек көрсеткен.
"Ұлттық тасымалдаушы 10,8 мың жолаушыға тамақ ұйымдастырды (оның 5,7 мыңы - вагон-мейрамханалар мен вагон-барларда, 5,1 мыңнан астамы – Шу, Шымкент және Отар станцияларында). Құрамдар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Мейрамхана вагондары штаттық режимде жұмыс істеді", - делінген хабарламада.
Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде теміржолшылар 11 мың текше метр қар шығарды.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін билет кассалары тәулік бойы жұмыс істеді. 14-18 желтоқсан аралығында тоқтатылған пойыздардың 5 мыңнан астам билеті қайтарылды.