https://sputnik.kz/20231220/zhezqazgan-ridder-zhane-kentau-zheo-nyn-zhumysyndagy-aqaular-turaly-ministrlik-tusinik-berdi-41051377.html
Жезқазған, Риддер және Кентау ЖЭО-дағы жағдай бойынша министрлік мәлімдеме жасады
Жезқазған, Риддер және Кентау ЖЭО-дағы жағдай бойынша министрлік мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбина жөндеуден өтті 20.12.2023, Sputnik Қазақстан
2023-12-20T09:28+0500
2023-12-20T09:28+0500
2023-12-20T09:30+0500
жылу электр орталығы
қр энергетика министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39509454_0:333:2458:1716_1920x0_80_0_0_378905eccf59ba543f3ef3f36305b3f5.jpg
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрлігі өңірлердегі жылыту кезеңінің өту барысына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Соңғы тәулікте кейбір облыстардағы жылумен жабдықтау нысандарында технологиялық ақаулар тіркелді.Республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбина жөндеуден өтті. Көмір қоры 4,9 млн тоннаны құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67 процентке артық. Бұдан бөлек, 108 мың тонна мазут бар.Ал мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін үкімет резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының жылу электр орталықтарына, сондай-ақ, Ақтау қаласының энергия көздері үшін күрделі жөндеу, реконструкциялау және қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді.Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында барлық негізгі жабдық күрделі жөндеуден өтті. Ал Кентау қаласындағы ЖЭО-ны жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, электр станцияларының иелері шамамен 16,5 млрд теңге салған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39509454_0:102:2458:1946_1920x0_80_0_0_c69e690055955589b947d59df4666aea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, қр энергетика министрлігі
жылу электр орталығы, қр энергетика министрлігі
Жезқазған, Риддер және Кентау ЖЭО-дағы жағдай бойынша министрлік мәлімдеме жасады
09:28 20.12.2023 (жаңартылды: 09:30 20.12.2023) Республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбина жөндеуден өтті
АСТАНА, 20 желтоқсан – Sputnik. Энергетика министрлігі өңірлердегі жылыту кезеңінің өту барысына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Соңғы тәулікте кейбір облыстардағы жылумен жабдықтау нысандарында технологиялық ақаулар тіркелді.
"Осы ақауларды жою үшін барлық қажетті материалдар, сондай-ақ персонал толық көлемде бар. Қазіргі таңда Жезқазған жылу электр орталығы мен Кентау жылу электр орталығында резервтік қазандықтар бір күн бұрын іске қосылды. Ал Риддер ЖЭО-да температураның бекітілген кестеден төмендеуі тіркелген жоқ", - дейді министрлік мамандары.
Республика бойынша электр станцияларында 8 энергоблок, 43 қазандық және осындай 43 турбина жөндеуден өтті. Көмір қоры 4,9 млн тоннаны құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 67 процентке артық. Бұдан бөлек, 108 мың тонна мазут бар.
Ал мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін үкімет резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының жылу электр орталықтарына, сондай-ақ, Ақтау қаласының энергия көздері үшін күрделі жөндеу, реконструкциялау және қажетті жабдықтарды сатып алуға қаражат бөлінді.
Көкшетау қаласының қазандығын жөндеуге 21,5 млрд теңге бөлінді. Осының арқасында барлық негізгі жабдық күрделі жөндеуден өтті. Ал Кентау қаласындағы ЖЭО-ны жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, электр станцияларының иелері шамамен 16,5 млрд теңге салған.